Flag

An official website of the United States government

Америка Құрама Штаттары USAID-тың «Cу, білім және ынтымақтастық» бағдарламасының аяқталуы мен жетістіктерін
атап өтті
2 Хаттаманы оқу
Қыркүйек 29, 2020

 

United States Celebrates the Completion and Achievements of the USAID-Funded Smart Waters Program

29 қыркүйек, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бүгін Америка Құрама Штаттары USAID қаржыландыратын «Cу, білім және ынтымақтастық» (Smart Waters) бағдарламасының жабылу салтанатында бес жыл ішіндегі аймақтық ынтымақтастықты арттыру және ортақ су ресурстары бойынша сындарлы диалог саласында жеткен жетістіктерді атап өтті.

Smart Waters бағдарламасы Орталық Азия мен Ауғанстанның ортақ су ресурстары бойынша ынтымақтастығын арттырды. Соңғы бес жылда Smart Waters суды басқару мәселелерін ұжымдық түрде шешу үшін Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстандағы сегіз шағын трансшекаралық су алаптарында 13 шағын бассейндік кеңестер құрды. Кеңестер құрамына табиғатты қорғау және жер суару сияқты салаларындағы жергілікті сарапшылар, сондай-ақ үкімет өкілдері мен суды пайдаланатын адамдар кіреді. Олар мәселелерді бірге қарастырып, трансшекаралық өзендерде суды басқарудың оңтайлы шешімдерін табады. Мысалы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Аспара және Күркуреу өзендерінде екі шағын бассейндік кеңес жұмыс істейді.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Smart Waters бағдарламасының су ресурстарын басқару саласындағы мамандарды дайындау және су ресурстарын интеграцияланған басқару қағидаттарын енгізу саласындағы жетістіктерін атап өтті. «Аймақтың 2800-ден астам су мамандары Smart Waters ұйымдастыратын іс-шараларға қатысып, құнды су дипломатиясы дағдылары, суды үнемдеу технологиялары және ынтымақтастықты нығайтудың артықшылықтары бойынша білім алды. Қазір бұл өңірден 36 студент «Су ресурстарын кешенді басқару» мамандығы бойынша Қазақстан-Германия университетіндегі магистратура бағдарламасын аяқтады».

Іс-шара бағдарлама бенефициарларына өз жұмысының жетістіктерін атап өтіп, Smart Waters бағдарламасы аяқталғаннан кейін ынтымақтастықты жалғастыру жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

АҚШ он жылдан астам уақыт бойы суды басқару мәселелерін анықтау және оларды шешу үшін Қазақстан және аймақтағы елдермен, оның ішінде Ауғанстанмен жұмыс істеді. Орталық Азия үкіметтерімен серіктестікте АҚШ үкіметі су ресурстары бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға ат салысуды жалғастырады. 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Орталық Азиядағы тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және сау экожүйелерді ілгерілету үшін қазіргі және туындайтын экологиялық мәселелерді шешу мақсатында жаңа USAID-тың су ресурсы және қоршаған орта аймақтық бағдарламасы жұмыс атқарады.

# # #

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. Smart Waters жайында ақпарат алу үшін, https://www.usaid.gov/central-asia-regional/fact-sheets/smart-waters сілтемесін басыңыз. USAID Орталық Азия туралы қосымша ақпарат: https://www.usaid.gov/central-asia-regional.