Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы COVID-19 диагностикасын қолдау мақсатында лабораториялық материалдар мен жабдықтарды ұсынды

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ COVID-19 ДИАГНОСТИКАСЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ҰСЫНДЫ

Алматы, Қазақстан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларын қолдау үшін АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) көмегімен, қажетті зертханалық жабдықтар мен материалдардың жеткізілгені туралы хабарлады. АҚШ үкіметі USAID-тің Жергілікті денсаулық сақтау тұрақтылығы жобасы аясындаҚазақстандағы COVID-19-ға қарсы төтенше әрекет етуін қамтамасыз ету үшін 300 000 АҚШ долларына материалдар жеткізді. 

«Вирустың таралуын тоқтату үшін COVID-19-ды дәл және жылдам тексеруге қол жетімділік өте маңызды. Біз Қазақстандағы әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін Қазақстан үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасаймыз», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізілетін жабдықтардың ішіндегі ең маңыздысы – COVID-19 тудыратын коронавирус 2 (SARS-CoV-2) респираторлық синдромын анықтауға, бақылауға және зерделеуге арналған дәл зертханалық әдістердің бірі болып табылатын дереу сынақтар жүргізуге арналған зертханалық реагенттер (полимеразды тізбекті реакцияның кері транскрипция реакциясы)

Қазақстан үкіметімен серіктестікте USAID көрсетілетін қолдаудың басым бағыттарын анықтап, Жергілікті денсаулық сақтау тұрақтылығы жобасы аясында қажетті зертханалық материалдарды жеткізуді жалғастырмақ. Құны 2 миллион АҚШ долларынан асатын қосымша зертханалық материалдар 2020 жылдың шілде-қыркүйек айларында келеді деп жоспарланып  отыр. Қазақстанның Ұлттық стратегиялық даярлығы мен әрекет ету жоспарына сәйкес USAID Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы өкілдерімен серіктестікте қажетті материалдар мен жабдықтар тізімін анықтайды.

АҚШ үкіметі Қазақстандағы COVID-19 індетіне қарсы көмек көрсету үшін 5,7 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Қазіргі таңдағы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы стратегияларына негізделіп, бұл көмек Қазақстандағы індеттің алдын алу, оны анықтау және емдеу бойынша шұғыл шараларды қолдауға бағытталған.

 

###