Flag

An official website of the United States government

Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы заң үстемдігін нығайту үшін жаңа бағдарламаны жариялауда
2 Хаттаманы оқу
Қазан 5, 2020

United States to Provide $7 Million to Strengthen Rule of Law in Kazakhstan

2 қазан 2020ж., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан – Америка Құрама Штаттары өзінің Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы сомасы 7 миллион доллардан асатын заң үстемдігін қамтамасыз етудің жаңа, бес жылдық бағдарламасын іске қосу туралы жариялады. Осы бағдарламаның басты мақсаты – сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту және бизнес пен азаматтық қоғам ұйымдары үшін қолайлы құқықтық ортаны құру арқылы Қазақстандағы құқықтық реформаларға қолдау көрсету.

Бағдарлама Жоғарғы Сотпен және Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігімен тығыз ынтымақтастықта, осы мекемелердің көпшілік халықтың сенімін арттыру және халықаралық танылған стандарттарға көбірек сәйкестікті көрсету ұмтылыстарына негізделіп жұмыс істейтін болады. USAID ұйымының Қазақстанның мемлекеттік институттарын нығайту бойынша күш-жігеріне сәйкес, осы бағдарлама озық тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ұсынады, сот органдарының қызметкерлерін оқытады, жаңа заңнаманың енгізілуіне қолдау көрсетеді және басты заңдарға сауатты өзгерістердің кіріктірілуіне жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ, бағдарлама коммерциялық емес ұйымдар үшін жағымды ортаны қолдау үшін азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.

1990 жылдардан бастап USAID Қазақстанда заң үстемдігінің және азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) дамуына қолдау көрсетуде шешуші рөлді атқарады. USAID ұйымымен қаржыландыратын іс-шаралар осы топтардың әлеуетін нығайтуға көмектесті, және үкімет шенеуніктеріне, сондай-ақ АҚҰ қызметкерлеріне саясаттың өнімді әзірлеуінде қатысу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік берді. Соңғы екі онжылдықтың ішінде USAID ұйымы осы екі секторды қолдау үшін айтарлықтай күш жұмсады.

###

USAID – бұл халықаралық даму жөніндегі әлемнің жетекші агенттігі және даму нәтижелерінің шапшаңдатқышы. Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және USAID/Орталық Азия Facebook парақшасына: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia кіріңіз.

###