Flag

An official website of the United States government

АҚШ пен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау бойынша 26 жыл бойғы бірлескен миссиясы
9 Хаттаманы оқу
Желтоқсан 22, 2022

26 жылдан астам уақыт бойы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіптерді азайту жөніндегі агенттігі (DTRA) Қазақстан Республикасының үкіметімен бірге ядролық қаруды таратпау бойынша жұмысын жүзеге асырып келеді. DTRA агенттігінің мақсаты – АҚШ Қорғаныс министрлігіне, АҚШ үкіметіне және халықаралық серіктестерге жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы тұруға және оның таралуын тоқтатуға мүмкіндік беру. Қазақстандағы бұрынғы Семей сынақ полигонында (ССП) өткізілетін жоба DTRA агенттігінің халықаралық одақтастармен және серіктестермен бірге жүргізіп жатқан ядролық қаруды таратпау бойынша маңызды жұмысының мысалы болып табылады. DTRA агенттігі – қаржылық қолдау жағынан, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығы жағынан Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО) ірі серіктестердің бірі. Ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастардың басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан да АҚШ Елшісі Уильям Мозер Қазақстанда жаңа лауазымдағы алғашқы 100 күнін ішінде Семей полигонына сапарын жоспарлады. Сапар 2019 жылдың мамыр айында өтті. Сапар барысында елші Мозер Дегелең аласа тау сілемінде де болды; осы аймақта АҚШ үкіметі ядролық сынақтар үшін пайдаланылған 181 тоннель жоюға және ИГР зерттеу реакторын құруға Қазақстанға көмек көрсетті. Мұнда АҚШ жоғары байытылған реактор отынын аз байытылған отынға айналдыруға көмектеседі.

Ынтымақтастық тарихы

Семей сынақ полигоны Кеңес Одағының ядролық бағдарламасы шеңберінде құрылды. 1947 жылы Шығыс Қазақстанда даланың ортасында салынған және «полигон» деп аталатын нысан шамамен 7000 шаршы мильді қамтиды. 1949 жылы 29 тамызда Кеңес Одағы алғашқы ядролық сынақ өткізді. 40 жыл ішінде Семейде 456 ядролық жарылыс жасалды: жер үстінде – 116, жер астында – 340.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін сынақтар тоқтатылды, көптеген ғалымдар мен әскери қызметкерлер полигоннан ғана емес, елден де кетті. Олар полигонда көптеген тоннельдер мен ұңғымаларды қалдырды. Бұлардың бәрінен басқа, кеңестіктер артында пайдаланылмаған мүлдем қорғалмаған ядролық материалдарды қалдырды. Олар халық үшін қауіпті болып, оның таралуы бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді. Жас Қазақстан Республикасының халқы жаңа үкімет бұл мәселені шешеді деп үміттенді.

Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев полигонды жабық деп жариялады. КСРО-ның полигондағы өткізілген барлық ядролық эксперименттері тоқтатылды. Полигон жұмысын дұрыс тарату мақсатында Қазақстанда 1993 жылы 15 мамырда Ұлттық ядролық орталық (ҰЯО) құрылды. ҰЯО-ның қазіргі бас директоры Ерлан Гадлетұлы Батырбеков полигон жабылғаннан кейін ҰЯО бірнеше мәселені шешуге мәжбүр болғанын айтты.

«Ядролық қару сынақтарының инфрақұрылымын жою қажет болды»,  дейді Батырбеков мырза. «Мұндай қаруды сынау салдарын жоюға байланысты мәселелерді шешу қажет болды. Осы үлкен және маңызды тапсырманы қалай жүзеге асыруға болатындығы жайлы қатты қорқыныш болды».

“Ground Zero” – location of the first Sovier nuclear test. Yerlan Batyrbekov (KZ National Nuclear Center Director), Dr. Robert Pope (Cooperative Threat Reduction (CTR) Program Director).
“Ground Zero” — алғашқы кеңестік ядролық сынақтар өткізілген орны. Ерлан Батырбеков (Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының директоры), доктор Роберт Поуп (Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасының (CTR) директоры).
 

1994 жылдың жазында американдық ведомствоаралық экспедиция Қазақстанға келіп, алты апта бойы Семей полигонының Дегелең таулы аймағын зерттеді.

1963 жылы Ядролық қаруды сынауға ішінара тыйым салу туралы шартқа қол қойылып, ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық сынақтарға тыйым салынғаннан кейін, КСРО 340 жерасты ядролық сынақтарынан 186-сын Дегелең тау сілемінде өткізді. АҚШ ядролық сынақтар үшін пайдаланған барлығы 181 тоннельдерді тез және қауіпсіз түрде ортақ мүдделер үшін жабуды ҰЯО басшылығына ұсынды.

Degelen Monument. Left-to-right: Michael Skidan (CTR), Steve Calder (DTRO-KZ), Dr. Robert Pope (Cooperative Threat Reduction (CTR) Program Director), Mr. Vayl Oxford (DTRA Director), Mark Gibson (CTR Program Mananger), Alexander Doubrov (DTRO-KZ Deputy Chief, Sergey Kolmykov (DTRO-KZ Program Coordinator), (DTRA Director Assistant)
Дегелең ескерткіші. Солдан оңға қарай: Майкл Скидан (CTR), Стив Колдер (DTRO), доктор Роберт Поуп (Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасының (CTR) директоры), Вайл Оксфорд (DTRA директоры), Марк Гибсон (CTR бағдарламасының менеджері), Александр Дубров (DTRO жетекшісінің орынбасары), Сергей Колмы
 

Осыдан кейін Қазақстан Республикасы АҚШ Қорғаныс министрі Уильям Перриге ядролық сынақ жүргізу инфрақұрылымын қауіпсіз жоюға көмек көрсету жөніндегі ресми сауал жіберді. Көмекті Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бойынша «Нанн-Лугар» (CTR) бағдарламасы ұсынды.

Жоба шынымен басталды. DTRA мен Қазақстан жылына 60-қа жуық тоннельді жапты. Сынақ инфрақұрылымын жою процесі үш жыл ішінде аяқталды. Қазір барлық сынақ инфрақұрылымы қауіпсіз жағдайда. Инфрақұрылым жойылғаннан кейін басқа мақсаттар қойылды, атап айтқанда, ядролық сынақтардың салдарын жою. Таратпау тұрғысынан құпия ақпарат бар түйіндік нүктелерді жою бойынша жұмыс осы күнге дейін жалғасуда.

Дегелең алғашқы жобасы аяқталғаннан кейін бірнеше жылдан кейін ҰЯО бүкіл Семей полигонындағы радиологиялық мәселелер бойынша кешенді бағалау бағдарламасын бастады. Орталық қызметкерлері солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытты картаға түсіріп, ядролық материал әлі де бар аймақтарын анықтады, ал кейбір жағдайларда шоғырланған материалдың таралу қаупі жоғары екенін белгіледі.

Қалған тәуекелдерді жою үшін DTRA қайтадан ҰЯО-на серіктес болды. 2013 жылы екі мекеме алғашқы ядролық сынақтар өткізілген алаңда толық жүйелі зерттеу жүргізуге келісті және оларға әлі де көп жұмыс істеу керек деген тұжырымға келді.

Бастапқыда кейбір атмосфералық немесе жерүсті сынақтардан қалған материал жер бетінде біркелкі таратылды. Кейбір жағдайларда бұл жинақталған материалды қазып, оны алаңнан тыс жерде қауіпсіз сақтау үшін тасымалдау мүмкін болды. Басқа жағдайларда, материал аз шоғырланған кезде, оны анықтау қиынға соғуы үшін жерді жыртуға және одан әрі материалды сұйылтуға тура келді.

ҰЯО тобы Семей полигонындағы аумақта шынайы радиологиялық бағалауды жалғастыруда. Бүгінде оның 70 пайыздан астамы аяқталды. Барлық аймақ 2021 жылға қарай зерттелетін болады.

DTRA үшін ҰЯО-мен және Қазақстан үкіметімен қарым-қатынасты сақтау маңызды. Таралу қаупі айтарлықтай төмендеді, бірақ ол ешқашан нөлге тең болмайды; бұл бұрынғы ядролық полигонның шындығы.

«Ядролық қаруды таратпау режимін Қазақстан үшін өте қолайсыз жағдайда қабылдағаны үшін осы елге өте ризамын»,  дейді Марк Гибсон, DTRA таратпау бағдарламасының менеджері. «Менің ойымша, біздің сынақ алаңындағы жұмысымыз әлемді қауіпсіз жерге айналдыру жөніндегі күш-жігеріміздің жалғасы».

Басқа жобалар

DTRA-дан басқа, ҰЯО АҚШ Энергетика министрлігімен, яғни Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасымен (NNSA) тығыз жұмыс істейді. NNSA Қазақстанмен бірге бұрынғы Семей сынақ полигонында орналасқан “Байкал-1” реакторлық кешенінде ұзақ уақыт сақтау үшін Ақтаудағы БН-350 нысанынан 775 ядролық қару жасауға жететін 10 метрикалық тонна жоғары байытылған уранды (ЖБУ) және 3 метрикалық тонна плутонийді тасымалдады. Бұл күш-жігерде ҰЯО мен “Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп” (МАЭК-Қазатомөнеркәсіп) маңызды рөл атқарды.

NNSA Нидерландымен серіктестікте радиоактивті көздер бойынша екі ірі жобаны 2019 жылдың шілдесінде аяқтады. 2012-2019 жылдар аралығында негізінен Нидерландтың Сыртқы істер министрлігімен қаржыландырылған және NNSA-ның қолдауымен жүзеге асырылған екі жоба ҰЯО мен “МАЭК-Қазатомөнеркәсіптегі” радиоактивті көздерді түгендеуге, тіркеуге және басқаруға қатысты болды. Екі ұйым қызмет мерзімі аяқталған Қазақстандағы радиоактивті көздерді басқару бойынша ұзақ мерзімді шешімдерді ұсынады. Радиоактивті көздер бүкіл өмірлік цикл бойы қауіпсіз және сенімді түрде басқарылуы керек, өйткені олардың пайдалы қызмет мерзімі өткен соң көздер жоғары радиоактивті болып қала алады.

Бұл техникалық жағынан ауқымды жобалар екі нысандағы 13 300-ден астам радиоактивті көздердің қауіпсіздігін арттырды. ҰЯО, “МАЭК-Қазатомөнеркәсіп”, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығы және басқа да техникалық ұйымдардың қазақстандық мамандары бұл жұмысты ірі, пайдаланылмаған медициналық және өндірістік құрылғылардан көздерін шығарып алу, сипаттамаларын анықтау, оларды ыстық камераларда кондициялау, ұзақ уақыт қорғауыш контейнерлерде шоғырландыру арқылы жүзеге асырды.

Сотрудники празднуют размещение всех удаленных источников в ячейках длительного хранения реакторного комплекса Байкал-1 в Казахстане.
Қызметкерлер барлық алынған көздердің Қазақстандағы “Байкал-1” реакторлық кешенінің ұзақ мерзімді сақтау камераларына орналастырылуын атап өтіп жатыр.
Персонал Байкал-1 разгружает транспортные контейнеры с источниками, извлечёнными Мангистауским атомным энергетическим комплексом-Казатомпром
“Байкал-1” қызметкерлері “Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп” шығарып алған көздері бар көлік контейнерлерін түсіріп жатыр

 

«Нидерланд әріптестерімізге осы маңызды жобаларды қолдағаны үшін алғысымызды айтамыз. Радиоактивті көздерді жою процессін басқару радиологиялық қауіпсіздіктің маңызды аспектісі болып табылады», — деді д-р Брент Парк, ядролық қаруды таратпау жөніндегі NNSA әкімшінің қорғаныс жөніндегі орынбасары. «Атом қуаты халықаралық агенттігі пайдаланылмаған көздер реттеуші бақылаудан шығу қаупін тудыратынын мойындайды. Олар жоғалуы немесе қараусыз қалуы мүмкін».

NNSA-ның Материалтану және азайту (M3) әкімшілігі материалдарды басқарудың толық циклі арқылы ядролық материалдардан туындайтын қауіпті жоюға кешенді тәсіл ұсынады. Бұл жұмыс ИГР және ИВГ.1M зерттеу реакторларын жоғары байытылған уран реакторларын (ЖБУ) пайдаланудан төмен байытылған уранды (ТБУ) пайдалануға ауыстыруды қамтиды.

ИГР реакторынан жаңа отыны Үлбі металлургия зауытына 2019 жылдың желтоқсанында жеткізілді. Енді бұл отын ТБУ-ға дейін сұйылтылған. Бұл материал осы жылдың соңында ИГР реакторында пайдалану үшін ҰЯО-на қайта тасымалданады.

ИВГ.1M зерттеу реакторы жоғары байытылған ураннан (ЖБУ) төмен байытылған уранға (ТБУ) 2021 жылы ауыстырылады деп күтуде. Жұмсалған ЖБУ отыны Ресей Федерациясына 2023-2024 жж., ИВГ.1M реакторы ТБУ отынына сәтті ауысқаннан кейін тасымалданады.

At Degelen Mountain Range Test Site memorial: Left-to-right: Dr. Robert Pope (Cooperative Threat Reduction (CTR) Program Director), Mr. Vayl Oxford (DTRA Director), AMB William Moser, Yerlan Batyrbekov (KZ National Nuclear Center Director)
Дегелең тау сілемінің жанындағы полигон ескерткіші: Cолдан оңға қарай: доктор Роберт Поуп (Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасының (CTR) директоры), Вайл Оксфорд (DTRA директоры), елші Уильям Мозер, Ерлан Батырбеков (ҚР Ұлттық ядролық орталығының директоры)

STS Museum. AMB Moser, Mr. Batyrbekov (KZ National Nuclear Center Director), Mr. Oxford (DTRA Director).
ССП мұражайы. Елші Мозер, Батырбеков мырза (ҚР Ұлттық ядролық орталығының директоры), Оксфорд мырза (DTRA директоры).