АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэтт ЭКСПО-2017

28 тамыз 2017 жыл

Астана, Қазақстан

Мен үшін «ЭКСПО-2017» шарасында АҚШ Президентінің делегациясына басқарушылық ету құрмет пен ерекшелік болып табылады.

Президент Трамптың атынан Қазақстанды осы керемет оқиғамен құттықтаймын.

Өз басым, ЭКСПО көрмесін көру қуанышына ие болдым және Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Крол мырзамен бірге Қазақстан мен АҚШ павильондарын аралап өттім.

Мен, АҚШ-тың Энергетика министрлігі ерекше назар аударатын, Қазақстанның «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО тақырыбын таңдау туралы шешімін қолдаймын.

Мен АҚШ Елшісі Крол мырзаны АҚШ Павильонының уәкілі ретінде тайсалмай басқармашылық атқарып жүргені үшін құттықтағым келеді, әрі АҚШ павильоны шынымен де АҚШ-тың рухын, энергиясын және инновациясын көрсете алғаны үшін АҚШ Павильонына, біздің серіктестер мен демеушілерге мың да бір алғысымды білдіремін.

Осы сапар барысында, Президент Трамптың Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа аударытын шынайы назарын атап өткім келеді.

Өздеріңіз білетіндей, Құрама Штаттары 25 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы ел болып еді.

Бұл қарым-қатынастар американдық және қазақстандық ресми тұлғалар мен компаниялардың тығыз ынтымақтастығы мен ынталы жұмысы арқасында нығайтылды.

Қазақстан, өзінің халықаралық серіктестерімен және кейбір американдық компаниялармен құрылған ынтымақтастықтар арқасында, әлемдегі жетекші мұнай және газ өндірушілерінің біріне айналды.

Бұл серіктестік, Қазақстанға энергетика саласындағы ең озық зерттеулерді алға бастыру және де таза әрі тиімді ішкі энергияны дамыту жолында, «Болашақтың энергиясы» саласындағы өз мақсаттарына қол жеткізуге пайдасын тигізеді.

25 жыл ішінде, әсіресе энергетика және ядролық қаруды таратпау саласындағы біздің байланыстарымыз күшейе түсті. Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптесі ретінде санайды, өйткені сіздердің ұлттық экономикаларыңыздың көлемі Азияның осы өңіріндегі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын құрайды.

Бұл, еліңіздегі үлкен энергетикалық ресурстардың арқасында және өзіңіздің энергетикалық әлеуетіңізді дамыту үшін серіктестермен ел ішінде және де шетелдерде жұмыс істеуге ұмтылуыңыздың арқасында мүмкін болып отыр.

Кейінірек, үкімет өкілдерімен кездесу барысында, мен екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты растай отырып, АҚШ-пен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығының жалғасатындығына зор сенімімді білдіргім келіп отыр.

Біз, энергетика саласындағы ынтымақтастық арқасында көп жетістіктерге қол жеткіздік және алдағы жылдарда ынтымақтастығымызды жалғастыруға үміттіміз.

Бұл ЭКСПО көрмесі ертеңгі күннің энергетикалық мәселелерін шешу үшін болашақ ұрпақтың ғалымдары мен инженерлерін шабыттандырады деп сенемін. Мен Қазақстанға «Болашақтың энергиясы» маңызды мәселесіне назар аударғаны үшін алғыс айтамын және жақын арада осы мәселені шешу үшін сіздермен бірлесе жұмыс істеуге үміттенемін.

Мен, көрнекті ЭКСПО көрмесінің өткізілуімен Қазақстанды тағы бір рет құттықтаймын.

Бүгін, мен Президент Трамптың өкілі ретінде, оның атынан сізді құттықтап үлкен мәртебеге ие болдым.

 

Рахмет.