АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі диалог

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз-хатшының кеңсесі

Баспасөз хабарламасы

БАҚ үшін хабарлама

4 желтоқсан 2019 жыл

АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі диалог

Бүгін АҚШ-тың Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша Мемлекеттік хатшы көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі диалог (КССД) барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевты қарсы алды. КССД екі жыл бұрын сенімді нығайту және екіжақты және өңірлік мәселелер спектрі бойынша біздің ортақ саяси бағытымызды ілгерлету үшін жыл сайынғы пікірталас алаңы ретінде кұрылған.

Қатысушылар АҚШ пен ҚР арасындығы маңызды және дамып келе жатқан қарым-қатынасының барлық қырларын, оның ішінде өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесін; экономикалық даму мен сауданы; адам құқықтарын, жұмыс күші мен діни сенім бостандығын; сонымен қатар білім және мәдени алмасу мәселелерін талқылады.  Бүгінгі диалог екі мемлекет өткен жылы іске асырған нәтижелі бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағдармалар сериясы төңірегінде өтті.  Айтарлықтай жетістіктердің қатарында – лаңкестікке қарсы күрес мәселелері мен авиация бойынша маңызды ынтымақтастық, ақпаратпен алмасу жөнінде шартқа қол қою, жақында қол қойылуы тиіс «ашық аспан» қағидасына сәйкес азаматтық әуе қатынасы жөніндегі келесімшарт, сонымен қатар 600-ге жуық Қазақстан азаматтарын Сириядан қайтару және олардың реинтеграциясы.

Толық ақпаратты Оңтүстік және Орта Азия бойынша Бюроның твиттер-каналынан Twitter @State_SCA немесе Бюроның электрондық пошта адресіне SCA-Press@state.gov жазып алуға болады.