АҚШ пен Қазақстан зорлық-зомбылық радикализацияны болдырмау үшін ынтымақтасуда

АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқығы мәселелері жөніндегі орынбасары Сара Сьюэлл 15-18 тамызда зорлықты экстремизмнің жалпы қаупін болдырмау үшін Қазақстан пен АҚШарасындағы ынтымақтастық жолдарын талқылауға  Қазақстанға келді.  Сапар барысында АҚШ мемлекеттік департаментінің лаңкестікке қарсы мәселелер жөніндегі бөлімнің басшысы – Сьюэлл ханым,  Қазақстан үкіметі мен азаматтық қоғам мүшелері осы салада қандай шаралар жүргізетіндері туралы білді. Астанада жасаған мәлімдемесінде ол экстремизмге әкеліп соғатын үкімет деңгейінде жемқорлық пен адам құқытарын бұзу сияқты негізгі мәселелерді анықтау және оларды шешу маңыздылығын атап айтты.