USAID серіктестері адам саудасына қарсы бүкіләлемдік күнді белгілейтін онлайн-науқанды бастады

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 29 шілде 2021 ж., – «Winrock International» және Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан серіктестері жүзеге асырған, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі («USAID») қаржыландырған «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» бағдарламасы қоғамның адам саудасы туралы хабардарлығын арттыру және адам саудасының құрбандарын анықтау және болдырмау шараларын іске асыруға бағытталған сандық науқанды бастады. Науқан 30 шілдеде – Адам саудасына қарсы бүкіләлемдік күнде аяқталады.

Онлайн-науқанға қатысу үшін қоғам мүшелері #ЯпротивТорговлиЛюдьми (#МенАдамСаудасынаҚарсымын) және #ОстановимТорговлюЛюдьми2021 (#АдамСаудасынТоқтатайық2021) хэштегтерін қолдана алады. Қазақстанда науқанға «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы, «Жария», «Мейірім», «Родник», «Талдықорған» әйелдерді қолдау орталығы, «Дарыс» және «Дамыту» ҮЕҰ ұйымдары қатысып отырады. Сонымен қатар, науқанға Қырғыз Республикасынан «Улыбка», «Благодать», «Аймира», «Оазис» және «Эл Агартуу», Өзбекстаннан «Истикболли Авлод» және «Нихол» ҮЕҰ ұйымдары қатысады.

Адам саудасына адамды алдау, күш қолдану, қорқыту арқылы сатып алу, сату немесе қанау, сондай-ақ, бостандығын шектеу немесе адамның осалдығын пайдалану жатқызылады. Әрбір қатысушы ҮЕҰ адам саудасының құрбандарына тікелей көмек көрсетіп отырады.

Науқанның барысында қатысушы ҮЕҰ адам саудасының құрбандары туралы нақты оқиғаларды жариялап отырады. Бұл әңгімелер адамдардың адам саудасының белгілерін қалай анықтай алатынын, күдікті адам саудалаушылары туралы қалай хабарлауға болатындығын және белгілі бір адам саудаға ұшыраған жағдайдағы көмек іздеу жерлерін көрсетеді.

###

«USAID» қаржыландыратын «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» бағдарламасы Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Түрікменстанда және Өзбекстанда жүзеге асырылуда. Бұл адам саудасының алдын алу, зардап шеккен адамдарды қорғау және қауіпсіз көші-қонды насихаттау мақсаттарындағы үкіметтердің, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектордың өзара есептілігін және тиімділігін күшейтуге бағытталған дәлелді тәжірибелерді және трансшекаралық байланыстарды қолданатын бес жылдық бағдарлама болып табылады. Бұл жоба көші-қон тәжірибесін жетілдіру және қанаудың алдын алу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз байланыста жұмыс істейді. «USAID» ұйымының Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпаратты алу үшін https://www.usaid.gov/central-asia-regional веб-сайтына өтуге болады.

###