Дереу тарату үшін
23 қазан 2023 ж.
USAID администраторы Саманта Пауэр Орталық Азияға барады
Администратор Саманта Пауэр 23-24 қазанда Өзбекстанға C5+1 аймақтық байланыстар жөніндегі алғашқы Министірлер конференциясын өткізуге, сонымен қатар АҚШ үкіметінің аймақ елдерінің тәуелсіздігіне, егемендігіне және өркендеуіне деген адалдығын атап өту үшін барады.
2015 жылдан бастап C5+1 АҚШ үкіметінің Қазақстанмен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен және Өзбекстанмен өзара істерді жүргізу үшін негізгі дипломатиялық платформасы ретінде қызмет етеді.
Даму мәселелері жөніндегі министрлік кездесуі өңірдің барлық бес елінің министрлерін өңірлік байланыстар мен егемендікке, саудаға, экономикалық өсу мен кәсіпкерлікке, климаттық және энергетикалық шешімдерге, сондай-ақ жастарға арналған мүмкіндіктерге баса назар аудара отырып, Орталық Азиядағы инклюзивті және орнықты экономикалық дамуды ынталандыру жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін біріктіру арқылы осы платформаны нығайтуға бағытталған.