USAID пен Орталық Азия үкіметтері Өңірлік электр нарығының келесі сатысына көшуге келісті

22 Маусым 2021, Нұр-сұлтан, Қазақстан – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азияның өңірлік электр нарығының жол картасы (CAREM) мен біріккен өңірлік нарық құру мәселесін талқылау мақсатында виртуалды кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстанның Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов, Қырғыз Республикасының Энергетика және Индустрия вице-министрі Таалайбек Ибраев, Тажікстанның Энергетика және су ресурстары вице-министрі Жамшед Шоимзода, Өзбекстанның Энергетика вице-министрі Шерзод Ходжаев және USAID өңірлік миссиясының директоры Кристофер Эдвардс қатысты.

Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде Кристофер Эдвардс былай деген еді: «Біздің барлығымыздың мақсатымыз ортақ: біз барлық елге экономикалық тұрғыдан пайдалы, тасымалдау тұрғысынан қауіпсіз және өңірде көмірқышқыл газының бөлінуін азайтуға көмектесетін өңірлік электр нарығын құрғымыз келеді».

2020 жылдың қазан айында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Энергетика вице-министрлері CAREM Жолкартасы мен Іс-әрекет жоспарын бекітті. Бұл –экономикалық тұрғыдан жарамды да тұрақты өңірлік электр нарығын іске асыруға бағытталған ұжымдық іс-әрекетті басқару жөніндегі USAID-тың өңірдегі алғашқы құжаты. Бүгінгі кездесуде USAID вице-министрлерге  CAREM Жолкартасын іске асыру барысында қол жеткізген жетістіктер жайлы айтып, өңірлік нарық үшін қандай дизайн ұсынып отырғанын көрсетті. Бүгінгі кездесуге қатысушылар өңірлік сауданың экономикаға тигізер пайдасы мен өңірлік электр нарығы парник газдың бөлінуін азайтуға қалай көмектесе алатынын талқылады. Сондай-ақ, USAID және басқа да халықаралық донорлар CAREM  мен оның іс-әрекеті үшін аса маңызды өңірлік институттарды құрып, дамытуда Орталық Азия үкіметтеріне қалай көмектесуге болатынын да қарастырды.

USAID Орталық Азияда өңірлік электр нарығын құруға көмектесу ісін 2018 жылы бастады. Өңірлік электр нарығы – арзан энергетикаға сүйене отырып, экономика мен қоғамның қарқынды дамуына қолдау көрсететін Орталық Азия-Оңтүстік Азия электроэнергетика нарығы платформасы қызметін атқармақ.

 ###

USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия вебсайты мен  Фейсбук парақшасын қараңыз.