USAID және KazAID агенттіктерінің даму және гуманитарлық көмек бойыншаынтымақтастығы

SONY DSC

2021 жыл 12 қаңтар, Нұр-Сұлтан қаласы – АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) әкімшісі көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедра мен “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің үйлестірушісі Жошыбаев Рапиль даму және гуманитарлық көмек бойынша ынтымақтастықты нығайту және екі агенттіктің арасындағы қарым-қатынастың болашақтағы стратегиялық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында кездесу өткізді. 

Сондай-ақ, қатысушылар арасында АҚШ Миссиясы тарапынан Бас консул Эрик Майер, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Орталық Азия бойынша директоры Кристофер Эдвардс және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан  Экономикалық ынтымақтастық және дамуға ресми көмек бойынша көп жақты бөлімінің басшысы Әсет Махметов және Қазақстандық халықаралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Айнұр Түймебекова қатысты.

Кездесу барысында әкімші көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедра Қазақстанның қарқынды дамуы туралы ойымен бөлісті. Ол Қазақстанның қысқа уақыт ішінде, яғни 1992 жылдан бері USAID көмегін алушы елден АҚШ-пен серіктестікте басқа Орталық Азия елдерінің дамуына көмектесетін халықаралық донорға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, Хавьер Пьедра Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы өзара мүдделер мен құндылықтарға негізделген стратегиялық ынтымақтастығын талқылады.

Әкімші көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедра Қазақстанға үздіксіз ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, осы кездесудің екі агенттік арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болатынына сенім білдірді. 

### 

USAID әлемдегі халықаралық даму жөніндегі жетекші  агенттігі және және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Central Asia веб-сайтын және Facebook парақшасын қараңыз.

###