USAID ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САУДА ФОРУМЫН ӨТКІЗЕДІ

USAID ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САУДА ФОРУМЫН ӨТКІЗЕДІ

 

12 Қараша, 2019, Шымкент, Қазақстан – Бүгін Шымкент қаласында компаниялар мен экспорттаушылар үшін жетекші аймақтық халықаралық шара болып табылатын Орталық Азия сауда форумы ашылды. Орталық және Оңтүстік Азиядан, Еуропадан және АҚШ-тан 500-ден астам мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның көшбасшылары аймақтағы жеміс-көкөніс саласындағы инвестициялар мен инновацияларды зерттеуге жиналды.

«Америка Құрама Штаттарының үкіметі аймақтағы сауда мен инвестицияның өсуіне және Орталық Азия халықтарының әл-ауқатының жақсаруына қолдау көрсетеді», деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Форум аймақтық және халықаралық сауда саясаты мен тенденциялары бойынша мемлекет пен жеке меншік сала арасында маңызды мәселелер бойынша диалог құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға экспортты дамыту және сапа жағынан менеджмент бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

Шымкент әкімдігімен бірлесе отырып, Америка Құрама Штаттары Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі жобасының жұмыс шеңберінде форумның басты демеушісі болып табылады. Форумды қолдаған басқа серіктестер – Қазақстанның агроөнеркәсіптік порталы «Agrobiz Kazakhstan», «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, CERT академиясы, Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ). ЕҚДБ мен БҰҰДБ инновациялық жеміс-көкөніс саласындағы халықаралық жетістіктермен Шымкент қаласында бөліседі. Сонымен қатар, БҰҰДБ аймақта дамып келе жатқан органикалық көгалдандыру саласы бойынша тәжірибесімен бөліседі.

Фирмаларға аймақтық бәсекеге қабілетті болуға және трансшекаралық саудадағы кедергілерді жоюға көмектесу арқылы Америка Құрама Штаттары жан-жақты және бәсекеге қабілетті жеке сектордың дамуына және Орталық Азиядағы экспорттың өсуіне ықпал етеді.

###

Орталық Азия сауда форумы туралы қосымша ақпарат алу үшін осы www.catradeforum.org  вебсайтына кіріңіз. USAID-тің Орталық Азиядағы миссиясы аймақтағы елдермен олар тәуелсіздік алғаннан бері серіктес ретінде жұмыс істейді. Біздің бағдарламалар үкіметтермен, жеке сектормен және Орталық Азия елдерімен сауда мен нарықты кеңейту; энергетика және сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастықты жақсарту; басқару мен әлеуметтік қызметтерді жетілдіру салаларында жұмыс істейді. USAID – жетекші әлемдік даму агенттігі және даму нәтижелерін жеткізудің катализаторы. USAID тың жұмысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуіне ықпал етеді, американдықтартың жомарттығын көрсетеді және өзін-өзі қамтамасыз ету мен тұрақтылыққа жол ашады. Қосымша ақпарат алу үшін осы вебсайтқа кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional

###