Орталық Азиядағы USAID агенттігі Агенттіктің 60 жылдығын және жергілікті дамудың үш онжылдық бойғы ілгерілеуін атап өтеді

Нұр-Сұлтан, Қазақстан: 3 қараша күні АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) маңызды кезең – президент Джон Ф. Кеннедидің агенттікті құрғанына 60 жыл толуын атап өтеді. USAID-тың Орталық Азиядағы өңірлік миссиясы агенттіктің 60 жылдығын мерекелеуге қосылады. Алты онжылдық ішінде USAID қауымдастықтарды нығайту және өмір сапасын жақсарту мақсатында бүкіл әлем бойынша елдермен ынтымақтаса отырып, халықаралық даму саласындағы әлемдік көшбасшы беделіне ие болды. 

Әлемнің 100-ден астам елінде USAID командасы серіктестерімен бірлесіп, өмірлерді сақтауға, кедейлікті азайтуға, демократиялық басқаруды нығайтуға және денсаулық, білім беру және экономикалық өркендеуді жақсартуға көмектесетін даму жобалары мен гуманитарлық жобалар бойынша жұмыс істеп келеді. 

1991 жылдан бастап USAID Орталық Азия елдеріне қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда USAID Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерімен және халықтарымен тығыз жұмыс істейді. USAID саяси, экономикалық мүдделер мен қауіпсіздік мүдделерін өз қалауы бойынша, өзі таңдаған серіктестерімен еркін қорғай алатын тұрақты және гүлденген Орталық Азияны; әлемдік нарықтармен байланыс орнатқан және халықаралық инвестицияларға ашық Орталық Азияны; демократиялық институттары бар, заң үстемдігі орнаған, және адам құқықтарын құрметтейтін Орталық Азияны қолдайды. 

Агенттік басшысы Саманта Пауэр жаһандық даму туралы өз көзқарасы және қызметі кезіндегі басымдықтары туралы сөз сөйлейді. Қосымша ақпарат алу үшін USAID/Орталық Азия веб-сайтына және Facebook-тегі USAID/Орталық Азия бетіне кіріңіз.