Flag

An official website of the United States government

USAID Қазақстанда туберкулезбен (туберкулезбен күресу) күресу жолдарын жақсартуға күш-жігерін салады
2 Хаттаманы оқу
Қаңтар 30, 2024

Алматы, Қазақстан – 2024 жылғы 30 қаңтар – АҚШ-тың халықаралық даму  агенттігі (USAID) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен, медицина қызметкерлерімен, халықаралық донорлармен, қоғамдық көшбасшылармен және медицина өкілдерімен бірлесіп, «Орталық Азияда туберкулезді жою» (ETICA) жобасының Қазақстандағы айтарлықтай жетістіктеріне қорытынды іс-шарасы туралы мақтанышпен хабарлайды.

Іс-шарада Қазақстанда туберкулезбен (ТБ) ауру жағдайларын азайтуға ықпал еткен инновациялық тәсілдер, шұғыл ем-шаралар және инновациялық зерттеулер туралы қысқаша ақпарат ұсынылады. Атап айтқанда, USAID ETICA туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаға (ҰТБ) ДДСҰ мақұлдаған Xpert MTB/Rif Ultra және Xpert MTB/XDR молекулярлы экспресс-сынақтарын, сондай-ақ жаңа және қайта тағайындалған дәрілерге арналған дәріге сезімталдық тестерін (ДСТ) енгізуге және өткізуге көмектесті. Бұл көптеген дәрі түріне төзімді туберкулезді емдеудің жаңа сызбасын енгізуді қолдау үшін жаңартылған диагностикалық алгоритмде көрініс тапты. 

USAID ETICA ҰТБ-ға зертхана мамандарының әлеуетін нығайтуға және толық геномды секвенирлеу технологиясын енгізуге көмектесті. Ұлттық референс  зертханасында (ҰРЗ) планшеттер мен веб-камераларды орнату, ҰРЗ-ға туберкулезге қарсы зертханалардың жетекші халықаралық сарапшыларынан қашықтан тұрақты қолдау алуға мүмкіндік береді. USAID ETICA сонымен қатар денсаулық сақтау саласының цифрлы жүйелерін, оның ішінде кешенді ақпараттық басқару жүйесінің зертханалық модулін үнемі жетілдіруге үлес қосты. Тесттерді автоматты түрде тіркеуді қамтамасыз ету үшін сканер мен штрих-код принтерін қамтитын жабдықтар жиынтығы сатып алынды. 

USAID ETICA ҰТБ және басқа да ұлттық серіктестерді халықтың туберкулез туралы, сонымен байланысты стигма мен кемсітушілік жөнінде хабардар болуын қолдады; нұсқаулықтар, әдістемелер, оқу материалдары және т. б. сияқты әртүрлі құжаттарды әзірлеуге ат салысты қолдады, сонымен қатар туберкулезбен өмір сүретін адамдарды аурумен күресу жолында қолдау үшін тең кеңесшілерді дайындады.  Алматыда өзара кеңес беру сессиясы барысында тең кеңесшілер 189 емделушіге қолдау көрсетті.

Орталық Азиядағы USAID миссиясының демократия және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық директоры Робин Мардеуш іс-шара туралы ерекше ықыласпен пікір білдірді: «Қазақстандағы туберкулезге қарсы күресте қол жеткен жетістіктер оған қатысқан барлық әріптестің іске адалдығы мен ынтымақтастығының дәлелі. Зертханалық қызметке қолдау көрсету, стандартты жедел іс-шараларды әзірлеу, заманауи цифрлы шешімдерді пайдалану, оқу бағдарламалары және басқа кеңесшілерді қолдау арқылы біз бұл дертпен күресте айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметінің туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктеріне арналып отыр».

***

USAID әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және нәтижелерге қол жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және USAID/Central Asia Facebook парақшасы: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.