Flag

An official website of the United States government

USAID трансшекаралық су ресурстарын басқару жөнінде келіссөздер жүргізу үшін Орталық Азия мен Ауғанстан
өкілдерінің кездесуін өткізді
3 Хаттаманы оқу
Қаңтар 22, 2020

Бурабай, Қазақстан, 22 қаңтар 2020 жыл – Бүгін Қазақстанда, Бурабай кентінде USAID-тің «Су, білім және ынтымақтастық» (Smart Waters) жобасы аясында Орталық Азияның бес елінен және Ауғанстаннан келген ұлттық серіктерстер су ресурстарын басқару бойынша мәселелерді үйлестіруге арналған Аймақтық басқару комитетінің сегізінші отырысына жиналды. Басқосу елдердің ақпарат және идеялармен, сондай-ақ аймақтық деңгейде алдыңғы қатарлы ұлттық тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндігі болды.

Су ресурстары жөніндегі Аймақтық басқару комитеті жиынды Орталық Азия елдерінде айналмалы негізде жылына екі рет өткізеді. Комитет мүшелері қатарында ұлттық ұйымдардан сыртқы істер, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ академиялық топтарының өкілдері бар. Жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысқан елдер трансшекаралық су ресурстарын басқару жолымен аймақты біріктіруге күш салушы АҚШ үкіметінің серіктестері болып табылады.

USAID-тің Орталық Азиядағы Аймақтық миссиясының директоры Кристофер Эдвардс өз сөзінде «USAID-те біз экожүйелерді, жер және су ресурстарын біріккен жүйе ретінде қарастырып, су ресурстарын басқаруда тұтастық тәсілді ұстанамыз. Шешім қабылдауға атсалысқанбасқару органдарында жұмыс істейтіндер мен саясаткерлерден бастап, жергілікті қауымға дейін, барлық деңгейде қатысу тәсілін қолдаймыз және су мәселелерін шешудегі әйелдердің рөлін бағалаймыз» деді. Басқару комитетінің отырысында жобаны жүзеге асыруға алдағы жылға арналған нақты жоспарлар жасалып, аймақтық деңгейде үйлестірілетін мәселелелер талқыланды.

###

«Су, білім және ынтымақтастық» жобасы Ауғаныстан және Орталық Азияның бес еліне су ресурстары бойынша техникалық дағдыларын толықтыру, сондай-ақ Су ресурстары жөніндегі және түрлі деңгейдегі менеджерлерлердің ара-қатынасын жақсартуға жәрдемдесуге шақыратын бес жылға арналған жоба. Жоба климаттың өзгеруі мен басқа да факторлар шартында ұзақ мерзімді келешекте судың экономикалық құндылығын көтеру мақсатында ортақ су ресурстарын басқаруға, сондай-ақ осындай тәжірибелердің құндылығын түсініп, бір-біріне сенуге қабілетті кәсіби кадрлар резервін жасақтауға бағытталған. АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен қаржыландырылып отырған «Су, білім және ынтымақтастық» жобасы Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығымен орындалады. USAID даму саласында нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етуші әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі. USAID жұмысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін және экономикалық өркендеуін алға жылжытады, Американың жомарттығын паш етіп, заңды құқық негізінде төлем не табыс алушының өзін-өзі қамтамасыз етуін және тұрақтылығын алға жылжытады. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз https://www.usaid.gov/central-asia-regionalUSAID/Орталық Азия Facebook-тегі ресми парақшасы https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

###