USAID, ЕҚҚДБ төмен көміртекті болашақ үшін Орталық Азиядағы әріптестік жөнендегі түсіністік меморандумына қол қойды

1 маусым 2022 ж., Алматы, Қазақстан –  АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық Азия елдерінде электр энергетикасы секторын жедел декарбонизациялауға жәрдемдесу үшін жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі, электр энергиясын шоғырландыру саласындағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша әріптестікті бастады.

Бүгін USAID және ЕҚҚДБ Орталық Азиядағы декарбонизация бастамалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (ӨТМ) қол қойып, климаттың өзгеруімен күресу үшін серіктестігін нығайтты. USAID әкімшісінің Азия елдері бойынша көмекшісінің орынбасары Энджали Каур және ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай Алматы энергетика және байланыс университетінің (АэжБУ) ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Саухимов өткізген салтанатта Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. АЭжБУ — Орталық Азия бойынша жаңартылатын энергия көздері бойынша оқу бағдарламаларын және техникалық тәжірибені жақсарту үшін USAID ынтымақтасатын әріптес.

Өзінің кіріспе сөзінде Каур ханым мәлімдеді: «Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия елдері біздің заманымыздың ең күрделі мәселелердің бірі — жаһандық климаттық дағдарысты шешу үшін ортақ пайымымен бөліседі. Электр энергиясын өндіру бүкіл әлемдегі энергия секторындағы CO2 шығарындыларының 40 пайызынан астамын құрайтындықтан, климаттың өзгеруін азайтуға бағытталған кез-келген әрекеттер электрмен жабдықтау жүйелерін жаңартуды қамтуы керек. Біз бүгін Орталық Азиядағы төмен көміртекті болашаққа қол жеткізу бойынша бірлескен күш-жігерімізді бекіту үшін ЕҚҚДБ-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға қуаныштымыз».

Өзінің таза энергетика саласындағы қызметі арқылы USAID барлық қоғамдастықтар үшін энергияға қолжетімділікті арттыру және өңірдегі азаматтардың өмірін жақсарту үшін жаңартылатын энергия көздеріне жеке сектордың инвестицияларын тарту үшін заманауи энергетикалық технологияларды пайдалануды кеңейту үшін Орталық Азия үкіметтерімен және университеттерімен ынтымақтасады.

Соңғы онжылдықта USAID Орталық Азиядағы экономикалық өміршең нарықтық аймақтық энергетикалық жүйенің негізін қалауда маңызды рөл атқарды. USAID сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, энергия тиімділігін арттыруды, энергетикалық секторды цифрландыруды және киберқауіпсіздікті күшейтуді қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаны нығайтты. USAID жергілікті әлеуетті арттыру, ынтымақтастыққа жәрдемдесу және жеке сектордың нарықтық шешімдерін қолдау үшін бірқатар жергілікті және өңірлік серіктестермен жұмыс істейді.

###

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға қол жеткізуді ынталандырады. Қосымша ақпарат Орталық Азиядағы USAID сайтында https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі Орталық Азиядағы USAID парақшасында https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

###