Астана, Қазақстан, 2022 жылғы 12-ші қазан – Бүгін АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Астана қаласында, «Кеден қызметтерін цифрландыру: қағазсыз саудаға жол» тақырыбында 12-ші жыл сайын өткізілетін Орталық Азия сауда форумын ашты. Бұл өзара байланыс пен сауданы дамыту жөніндегі басты халықаралық іс-шара болып табылады.
Форумға Орталық Азиядағы кеден әкімшіліктерінің өкілдері цифрлық шешімдер мен қызметтерді әзірлеу, озық технологияларды енгізу (ауқымды деректерді пайдалану, телематика және бұлтты сервистер сияқты технологияларды қолдану), операциялық тиімділікті арттыру және кеден қызметтерінің жұмыс әдістерін қайта қарастыру бойынша ағымдағы жұмыстарды талқылау үшін бас қосты. Орталық Азия, Әзірбайжан, Грузия, Корея, Латвия және Америка Құрама Штаттарының кедендік әкімшіліктерінің 200-ден астам өкілдері озық цифрлық құралдар мен технологиялардың кең ауқымын зерттеу үшін жиналды.
Орталық Азиядағы USAID Өңірлік миссиясы, экономикалық даму департаментінің директоры Лаура Чизмо: «Бұл сауда форумы 2011 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Осылайша, форум 20-шы ғасырда басталған АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық дәстүрін жалғастыруда»,- деп атап өтті.
USAID-тің Орталық Азиядағы сауда жөніндегі бағдарламасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметімен, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеден қызметімен, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитетімен және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ), сондай-ақ Astana Times, Business mind журналы, Қазақстандық баспасөз клубы, Kapital.kz , Profit.kz және Транс Logistics-пен серіктесе отырып, Орталық Азия сауда форумын ұйымдастырды.
Қатысушылар кеден қызметінің цифрлық реформасының күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылады: соңғы инновациялар және цифрлық құқық қолданудың рөлі; транзиттік әлеуетті арттыру және сауда рәсімдерін жеңілдету үшін цифрландыруды жеделдету; Транскаспий халықаралық көлік бағдары; халықаралық транзиттік жүйелер; саудаға жәрдемдесу жөніндегі ұлттық комитеттер шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар кедендік саясатты іске асыруды жақсартады, сондай-ақ баждар мен салықтарды жинауды және алдын ала ақпарат алмасуды ұлғайта алады.
Орталық Азия үлкен өзгерістерге ұшырады. Тек соңғы бес жылда өңірлік сауда көлемі екі есеге артты. Орталық Азия елдерінің сыртқы әлеммен саудасы да қарқынды өсуде. Бес жыл ішінде сауда 54%-ға өсті және қазір 167 миллиард долларды құрайды. Қазіргі уақытта сауда бүкіл аймақтағы экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.
Соңғы он жыл ішінде осы айтулы форумның арқасында USAID Орталық Азиядағы экономиканы және тұрақтылықты жедел және тұрақты қалпына келтіру үшін байланысты жақсарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сауданы кеңейту мақсатында 42-ден астам елден 10 000-нан астам қатысушыны жинады.
###
USAID даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін жетекші халықаралық даму агенттігі және катализатор болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID веб-сайтына кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парағы: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia