USAID Орталық Азияда туберкулезді жоюға арналған 6-Халықаралық туберкулезбен күрес конференциясының ашылуы туралы жариялайды

2022 жылғы 22 қыркүйек

Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 22 қыркүйек – Бүгін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) және ЖИТС, туберкулезбен және безгекпен (GFATM) күресу жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ІНДЕТІН ЖОЮ: ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕР» атты алтыншы халықаралық конференцияcын ашты. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған осы екі күндік іс-шара Орталық Азияда дәріге тұрақты туберкулезбен (ТБ) ауыру деңгейін төмендетуге басты назар аударып отыр, ол Премьер-министрдің орынбасары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрін, Орталық Азиядағы туберкулезбен күрес бағдарламаларының директорларын, Орталық Азиядағы Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерін, негізгі мүдделі тараптар мен халықаралық әріптестерді, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ), GFATM мен «Туберкулезді тоқтату» серіктестігін қоса алғанда, 350-ден астам лауазымды тұлғаның басын қосады.

USAID Аймақтық миссиясының директоры Лоренс Харди өзінің кіріспе сөзінде былай деп атап өтті: «Туберкулезді жоюдың жаһандық күшейткіші» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, USAID туберкулезді анағұрлым жылдам анықтауды және емдеуге жаппай қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар туберкулезге қарсы қызметтерді ұсынуға қолдау көрсетудегі қоғамдық азаматтық ұйымдардың рөлін күшейту үшін Қазақстанның Ұлттық туберкулезбен күрес бағдарламасын (NTP) қолдайтынын және оның серіктесі болып табылатынын растайды».

USAID отыз жылға жуық Қазақстанның NTP-мен ынтымақтаса әрекет етіп, елдегі туберкулез дертін және осы дерттен өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі оның Ұлттық стратегиялық жоспарының ортақ мақсаттарын қолдайды. USAID туберкулезді жоюдың жаһандық күшейткіші стратегиялық тұрғыда техникалық сараптама мен қолдау көрсетуге бағдарланған, ол  мемлекеттік деңгейден бастап қауымдастық деңгейіне дейін туберкулездің ауыртпалығын төмендету үшін барлық қызмет көрсету деңгейінде туберкулезбен ауыратындарды анықтау, емдеу және оларға күтім көрсету жөніндегі стандарттарды нығайтада және кеңейтеді. Көп жылдан бері Орталық Азия елдері өздерінің мықты саясаты мен экономикалық бейілділігінің арқасында туберкулезбен күрес жөніндегі өз ұлттық қызметтерінің жұмысын жақсартып келеді. Бірақ, қалай болғанда да, көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулездің (КДК ТБ) және  ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулездің (АДК ТБ)  жоғары ауыртпалығы сол аймақтарда туберкулезбен тиімді күресу жолындағы күрделі, түйіні шешілмеген мәселе болып қалуда.

ДДҰ тізімінде КДК ТБ ауыртпалығы жоғары 30 елдің төртеуі Орталық Азияда орналасқан. Туберкулезді анықтау, қолжеткізу және емдеу жолындағы кедергілерді жоятын міндеттемелер мен инвестицияларды нығайту туберкулезбен күрес жолындағы жаһандық өркениетке қауіп болып төнген COVID-19 тұрғысынан шешуші мәнге ие.

###

USAID халықаралық даму жөніндегі әлемдегі жетекші агенттік және даму саласында нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін катализатор болып табылады. Қосымша ақпаратпен https://www.usaid.gov/central-asia-regional веб-сайтынан және Facebook: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia   USAID парақшасынан танысуға болады.