USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша жаңа өңірлік жобаны іске қосады

USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша жаңа өңірлік жобаны іске қосады

1 сәуір, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бүгін АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстандағы “су ресурстары және қоршаған орта” бойынша бес жылдық өңірлік жобаны іске қосты. Бұл жоба Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстанның  арасындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық қауіпті азайту мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

USAID-тің Орталық Азия бойынша директоры Кристофер Эдвардс өзінің кіріспе сөзінде су ресурстарын басқару өңір үшін басты міндет болып қала беретінін атап өтті. Ол Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы үлкен жетістігін жоғары бағалады.  “Су ресурстарын интеграцияланған басқару қағидаттарын енгізген және кіші бассейндік кеңестердің жұмысын іске қосқан Орталық Азиядағы алғашқы ел ретінде Қазақстан су ресурстарын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жақында қабылданған жаңа Экологиялық кодекс елдің қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді. Біз Орталық Азия мен Ауғанстан халқына тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және тұрақты экожүйелерді орнатуға көмектесетін жаңа жоба аясындағы ынтымақтастыққа сенеміз”, – деп атап өтті Эдвардс мырза.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар; Ауыл шаруашылығы; Энергетика; Сыртқы істер; Ұлттық экономика; Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, су ресурстарын басқару жөніндегі өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғамдастықтың, жеке сектордың, ғылыми және зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Қатысушылар “су – энергетика – азық-түлік қауіпсіздігі” жүйесіндегі ортақ су ресурстарын басқару бойынша ұлттық және өңірлік мәселелерді талқылады және осы мәселелерді шешуде USAID-тің “су ресурстары мен қоршаған орта” бойынша жаңа өңірлік жобасының маңызды рөлін атап өтті.

###

USAID – әлемдегі халықаралық даму жөніндегі жетекші агенттігі және және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализаторы болып табылады. USAID Орталық Азияның мемлекеттік органдарымен, академияларымен және су пайдаланушыларымен серіктестікте өңірдің су ресурстарын басқару саласындағы әлеуетін күшейту үшін жергілікті ғалымдар мен көшбасшылардың жаңа буынына оқыту жүргізеді; су ресурстарын тең құқылы және тиімді басқаруға және олардың нысаналы өзен бассейндерінде әділ бөлінуіне жәрдемдеседі және ортақ су ресурстарын басқару мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтады.

Қосымша ақпарат алу үшін ақпараттық бюллетень сілтемесіне, USAID Орталық Азия веб-сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парақшасына: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/  кіріңіз.

###