Flag

An official website of the United States government

USAID аймақтық энергетика секторындағы ынтымақтықты нығайту үшін «Power Central Asia» («Орталық Азияның Қуаты»
бағдарламасын іске қосуда
2 Хаттаманы оқу
Қазан 1, 2020

USAID Launches “Power Central Asia” To Strengthen Regional Energy Sector Cooperation

 

1 қазан 2020ж., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан – Америка Құрама Штаттарының үкіметі өзінің Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы құны 38,9 млн. АҚШ долларын құрайтын жаңа бесжылдық аймақтық энергетикалық бағдарламаның іске қосылуы туралы жариялады, USAID’s Power Central Asia («Орталық Азияның қуаты»), бұл бағдарлама Орталық Азияның бес еліне – Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Түркменстанға және Өзбекстанға — өзінің ұлттық энергетикалық басымдықтарына қол жеткізуде, энергетикалық ресурстарды трансшекаралық сауда-саттықтан экономикалық пайда алуда және аймақтық өзара байланыстылық арқылы энергетикалық қауіпсіздікті арттыруда көмектесетін болады.

USAID’s Power Central Asia («Орталық Азияның қуаты») бағдарламасы елдердің үкіметтеріне, коммуналдық кәсіпорындарға және ішкі энергетикалық нарықтағы реформаларды әзірлеуде мүдделі басқа да тараптарға көмектесетін болады, аймақтық электр қуаты нарығының нығайтылуына, және дәстүрлі мен жаңартылатын қуат көздерінен таза энергетикалық технологияларды анағұрлым кең ендіруге жәрдемдесетін болады. Бағдарлама Орталық Азия елдеріне су электр қуатын өндірудегі қажеттіліктерді су ресурстарын басқарудың басқа басымдықтарымен теңдестіруге көмектесетін болады. Сондай-ақ, USAID бағдарлама барысында құрылған құпия деректердің қауіпсіз басқарылуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Соңғы онжылдықтың ішінде USAID ұйымы Орталық Азия елдеріндегі экономикалық тұрғыдан алғанда тіршілікке икемді нарықтық аймақтық қуат жүйесінің іргетасын қалауда басты рөлді атқарды. Сондай-ақ, USAID жаңартылатын қуат көздерін дамыту, қуат тиімділігін арттыру, энергетикалық секторды сандық жүйеге көшіру және кибер қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін нормативтік-құқықтық базаны нығайтты.

USAID’s Power Central Asia («Орталық Азияның қуаты») бағдарламасы жергілікті әлеуетті арттыру, жеке сектормен ынтымақтастыққа жәрдемдесу және оның нарықтық шешімдерін қолдау үшін бірқатар жергілікті және аймақтық серіктестермен жұмыс істейтін болады.

###

USAID – бұл халықаралық даму жөніндегі әлемнің жетекші агенттігі және даму нәтижелерінің шапшаңдатқышы. Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және USAID/Орталық Азия Facebook парақшасына: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia кіріңіз.