Flag

An official website of the United States government

USAID «Орталық Азияның әйел қолөнершілері: LookBook каталогына саяхат» басылымын ұсынады
5 Хаттаманы оқу
Желтоқсан 22, 2023

USAID «Орталық Азияның әйел қолөнершілері: LookBook каталогына саяхат» басылымын ұсынады

Алматы, Қазақстан, 2023 жылғы 22 желтоқсан – АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) «Орталық Азияның әйел қолөнершілері: LookBook каталогына саяхат» цифрлық және баспа басылымын ресми түрде шығарады. Бұл жинақта Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан шыққан 50 ортаазиялық қолөнерші әйелдердің шеберлігін әлемге паш ететін және олардың бизнесі үшін жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашатын таңғажайып бұйымдар ұсынылған.

LookBook каталогы бүкіл әлемде цифрлық түрде қол жетімді болғандықтан, аталған қолөнершілерге бизнестерін жаһандық ауқымда дамытуға септігін тигізеді. Онымен қоса, жергілікті және халықаралық деңгейде олардың қолөнері туралы танымалдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық қолөнер бай мұра мен салт-дәстүрлерді қалыптастыра отырып, әсемдіктің, тарихи деректердің, мақтаныш пен бірегейліктің қайнар көзі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ауылдық аймақтарда әйелдер мен олардың отбасылары үй шаруашылығының кірісіне үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті, ұлттық және аймақтық тарих пен мәдени мұраны сақтаушылары болып табылады. Олар кілем және тоқыма тоқу, кесте тігу, жібек бұйымдарын жасау, ағаш ою, металл өңдеу, керамика және зергерлік бұйымдарды жасау және басқа да қолөнер бұйымдарын қоса алғанда, ежелгі дәстүрлердің сақтаушылары.

«Орталық Азияның әйел қолөнершілері: LookBook каталогына саяхат» басылымы экономикалық тәуелсіздікке, мәдениетті сақтауға және гендерлік теңдікке ықпал етеді. Бұл неғұрлым инклюзивті және гүлденген Орталық Азияны құру жолындағы маңызды қадамды білдіреді. Бизнесті тиімді басқару, басқа нарықтарға шығу мен қолөнер арқасында ауылдық отбасылардың өмірі әлдеқайда жақсарады, әсіресе әйелдер мен қыздар қауымы, табыстарын айтарлықтай арттыруға және білім деңгейін шыңдауға мүмкіндік алады.

LookBook – бұл USAID-тің Орталық Азиядағы сауда қызметі (ТСА), Смитсон институты және Қазақстандағы қолөнершілер одағымен серіктестікте жүзеге асырылатын АҚШ Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) арасындағы ынтымақтастық. 

Жоба тобы LookBook каталогын жасаумен қатар қолөнер бұйымдарының маркетингтік стратегиялары мен қолөнер тәжірибесі және бизнесті дамыту үшін LookBook-ты пайдаланудың ең жақсы әдістері бойынша виртуалды және бетпе бет тренингтер өткізді.

«Орталық Азияның әйел қолөнершілері: LookBook каталогына саяхат» экономикалық өсуге, мәдени мұраны сақтауға және әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ете отырып, USAID-тің Орталық Азиядағы гендерлік алшақтықты жоюға деген ұмтылысының дәлелі болып табылады. 

###

USAID әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін USAID/Орталық Азия веб-сайтына USAID/Central Asia website, USAID/Central Asia’s Facebook page Facebook парақшасына және Орталық Азия сауда форумының веб-сайтына Central Asia Trade Forum кіріңіз. 

Смитсондық қолөнершілер бастамасы қолөнер тәжірибесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама қауымдастық жүргізетін зерттеулер мен құжаттаманы, өнімді жобалау мен әзірлеуді, корпоративтік оқытуды және қолөнершілер нарыққа кіру үшін пайдалана алатын құралдар жинағын біріктіреді www.folklife.si.edu  веб-сайтына кіріңіз.

1992 жылы құрылған Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) коммерциялық құқықтық реформалар арқылы дамушы және жанжалдан кейінгі елдердегі АҚШ-тың сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін АҚШ Сауда министрлігінің бөлімшесі болып табылады. CLDP-тің үкіметтен үкіметке бірегей техникалық көмегі қабылдаушы елдердің құқықтық және іскерлік ортасына маңызды және ұзақ мерзімді өзгерістер енгізетін нәтижелерге қол жеткізу үшін тәжірибелі реттеушілерге, саясаткерлерге, бизнес көшбасшыларына және мемлекеттік және жеке сектордағы заңгерлерге сүйенеді. https://cldp.doc.gov/ веб-сайтына кіріңіз.