19 қазан, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) әлемдік нарықтағы сатып алушыларға аймақтық жеміс-көкөніс өндірушілері жөнінде толық ақпарат беру үшін “Орталық Азияның көкөніс пен жеміс экспорттаушыларының анықтамалығын” жариялады.
Бұл анықтамалықта Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда орналасқан 120-дан астам көкөніс пен жеміс экспорттаушы компаниялардың тізімі көрсетілген және олардың өнімдері туралы толық мәлімет (санат бойынша), брендтер, тауар тарату арналары туралы және байланыс ақпараттары берілген. Сонымен қатар, оқырман Орталық Азиядан негізгі экспорттық нарықтарға жемістер мен көкөністерді жеткізудің тасымалдау уақыты мен құнын қамтитін ақпаратпен таныса алады.
Орталық Азия өндірушілері ғасырлар бойы жеміс пен көкөністің алуан түрлерін өсіріп сатады. Қазір олардың көпшілігі аймақтан тыс нарықтарға өз тауарларын шығаруға дайын. Орталық Азияның көкөніс пен жеміс өсірушілерін, өңдеушілерін, сауда компанияларын және олардың жаңа нарықтарға арналған өнімдерінің тізімін көрсету мақсатында USAID-тің бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жобасы бұл анықматалықты арнайы әзірледі. Анықтамалық импорттаушыларға, дистрибьюторларға, бөлшек сауда өкілдері және халықаралық көрмелердің ұйымдастырушыларына арналған.
Экспортты ұйымдастыру кезінде кездесетін барлық кезеңдер жайлы Орталық Азияның көкөніс пен жеміс тауарларын өндіруші компаниялардың хабардарлығын арттыру үшін USAID экспорттық нарықтарға шығу қадамдарын сипаттайтын “Экспорттық нұсқаулық” дайындады. “Экспорттық нұсқаулық” нарықты зерттеу бойынша кеңестер, әлемдік стандарттар, баға белгілеу, тауарларды қаптамалау және сауда көрмелері туралы ақпараттарды қамтып, табысты экспортты ұымдастыру үшін әзірленген.
Екі басылым Орталық Азиядағы көкөніс пен жеміс экспорттаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаңа экспорттық бағыттарды табуға ақпарат беру арқылы дәстүрлі нарықтарға тәуелділігін азайтуға көмектеседі.
###
USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамудың катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия веб-сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парақшасына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.
###