USAID KazAID-пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

2021 жылғы 24 маусым Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) және Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) Орталық Азия мен Ауғанстандағы әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін даму мақсатындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға (MOU) қол қойды.

USAID атынан Өңірлік миссияның директоры Кристофер Эдвардс және KazAID атынан Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов демократиялық қағидаттар мен тиісті басқаруды ілгерілетуге, адам құқықтарын қорғауға, экономикалық өркендеуді кеңейтуге, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, денсаулықты, әл-ауқатты жақсартуға және Орталық Азия мен Ауғанстандағы кедейлікті жоюға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

USAID және KazAID агентіктерінің біріккен тәжірибесі, бағдарламалары және ресурстары Орталық Азия мен Ауғаныстан үкіметтерін, азаматтық қоғамды, серіктес елдердегі жекеменшік секторды нығайтып белгілі нәтижеге жетулеріне ықпал етіп, потенциалды және тұрақты жүйеде жоғары көлемде дамуына көмектеседі.

###

USAID-әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму саласындағы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін катализатор. Қосымша ақпарат алу үшін USAID-Орталық Азия веб-сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз.

###