USAID ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРЕ КООПЕРАТИВТЕРІН ҚОЛДАЙДЫ

2022 жылғы 31 мамыр, Түркістан, Қазақстан – Бүгін АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен және «Арнур Кредит» шағын несие ұйымымен серіктестікте «Әйелдер кооперативтерін құру» тренинг өткізді.  Кооперативтер құру арқылы көптеген кәсіпкер әйелдер Орталық Азиядағы жеткізу тізбегіне кіре алады.

«Кооперативтер ресурстарға қолжетімділікті арттыруда және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Бірлесіп жұмыс істей отырып, кәсіпкер әйелдер шағын бизнес кездесетін қиындықтарды жеңе алады. Күштерді біріктіру арқылы олар жаһандық экономикада бәсекеге түсе алады», – деді USAID Орталық Азиядағы сауда жөніндегі маманы Роберт Паркер.

Тренингтерде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының клиенттері, «Арнур Кредит» микроқаржы ұйымының қарыз алушылары, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер кооператив құру үшін бизнес-идеяларды қалыптастыру жолдарын үйренді, бизнес-жоспарлау және мемлекеттік органдарда кооперативті тіркеу тәртібін талқылады. Тренинг іскерлік серіктестікті дамыту және оларды жергілікті жеткізу тізбегіне біріктіру үшін кем дегенде бір – екі құрылған әйелдер кооперативіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгінгі тренинг тренингтер сериясының бір бөлігі болды, оның біріншісі 2022 жылдың 17 мамырында өтті. Оған Орталық Азияның түкпір-түкпірінен 69 қатысушы қатысты. Әйелдер кооперативінің нысандары, өңірдегі кооперативтердің дамуына байланысты мәселелер мен тәуекелдер, оларды шешу жолдары қарастырылды.

###

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі және дамудың катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін мына веб-сайтқа кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional.