Бүгін USAID демеушілігімен 11-ші Орталық Азия сауда форумы басталады

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2021 жылғы 4 қазан – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азия елдері мен одан тысқары елдер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты ілгерілету мен аймақтағы пандемиядан кейінгі қалыпқа келу мен тұрақтылықты талқылауға арналған жыл сайынғы халықаралық іс-шара – 11-ші Орталық Азия сауда форумын бастайды. Бес күнге созылатын виртуалды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттарынан 80-ге жуық шабыттандыратын спикерлер қатысады және оларға 3,500 елден 42 қатысушылар қосылады.

Осы жылғы форумның тақырыбы «Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту арқылы пандемиядан кейін қалыпқа келу» пандемиядан кейінгі сауда тенденцияларын, COVID-19 жағдайында туризм мен сауданың қалпына келуін, Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін, Орталық Азиядағы жаңартылатын энергияға инвестициялық мүмкіндіктерді және басқада қызық тақырыптарды талқылау үшін бизнес өкілдерін, билік пен саясаткерлер, салалық компаниялар, аймақтағы және басқа елдердің мамандандырылған сарапшыларын біріктіреді.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куо ханым өзінің құттықтау сөзінде: «2011 жылы Бішкекте бірінші рет өткен Орталық Азия сауда форумы ынтымақтастық, пікір алмасу және халықаралық сауда өркендеудің кепілі ретінде негізделген. Аймақ елдерінің президенттері өзара тиімді өңірлік ынтымақтастық туралы пікірді қолдайтынын қуанышпен атап өтеміз, бұл бүгінгі сын-қатерлерді жеңудің ең жақсы жолы». деп атап өтті.

Биыл Форум АҚШ-тың Орталық Азияның бес республикасымен ынтымақтастығының 30 жылдық мерейтойына тура келді. Бұл кезең шеңберінде Америка Құрама Штаттары бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, демократиялық реформаларға, экономикалық өсуге және гуманитарлық қажеттіліктерге 9 миллиард доллардан астам тікелей қолдау көрсетті. Осындай екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық ынтымақтастық стратегиясының арқасында аймақтағы елдер бәсекеге қабілетті болып, әртараптандырылған экономиканың дамуына септігін тигізді және бүкіл аймақтық әл-ауқатты арттырды.

Бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасы форумның ұйымдастырушысы болып табылады және іс-шараны келесі ұйымдармен серіктестікте өткізуде: «Түрікмен логистикасы» қауымдастығы, GIZ халықаралық ынтымақтастық қоғамы, Әлемдік суық тізбегі альянсы GCCA, Дүниежүзілік банк тобы, Халықаралық қаржы корпорациясы IFC, «Логистика мен көліктегі әйелдер» WiLAT қауымы, Корольдік логистика және көлік институты CILT, Халықаралық автокөлік одағы IRU, Халықаралық сауда орталығы ITC, CERT академиясы, QazTrade, KAZFOAM органикалық ауылшаруашылығы қозғалысының қазақстандық федерациясы, Логистика мен көліктегі жас мамандар қоғамы «Next Generation Central Asia». Сонымен қатар, келесі Медиа серіктестердің қолдауымен: «Asia Hikes» гид порталы, Ashgabat.in, Қазақстан Пресс-Клубы, «WideOyster» журналы, стартаптар, бизнес, хоббиі туралы «Steppe» Қазақстандық сайты, «Discover Kyrgyzstan», «Kazakh Tourism», Travel Tajikistan, Uzbekistan Travel, Ekolog.uz, Kapital.kz, Profit.kz порталдары және «Kazakh Travel International» туристік агенттігі. 

Соңғы онжылдықта Орталық Азияд сауда форумы арқылы USAID аймақтағы тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру мен жеделдету үшін аймақтық ынтымақтастықты арттыруды жақтады. Форум экономикалық өркендеуді және сауданы шектейтін мәселелерді анықтау, идеялар мен шешімдер алмасу, іскерлік қарым-қатынас орнату және бизнес жүргізу үшін 30-дан астам елден 10 000-нан астам қатысушыларды біріктірді.

###

USAID – халықаралық дамудың жетекші әлемдік агенттігі және даму нәтижелерін анықтайтын каталитикалық фактор болып саналады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азия бойынша USAID веб-сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парақшасына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

###