Flag

An official website of the United States government

«Инновация үшін серіктестік» USAID жобасы 11 жыл сайынғы «Даму тарихы: Ішкі көзқарас»
конференциясының жұмысын бастайды
1 Хаттаманы оқу
Қыркүйек 8, 2020

Алматы, Қазақстан, 7 қыркүйек 2020 ж. – Бүгін «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы жүзеге асыратын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Инновация үшін серіктестік» жобасы аясында 11-ші жыл сайынғы «Даму тарихы: ішкі көзқарас» халықаралық конференция жұмысын бастайды, ол 2020 жылдың 7-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Биылғы конференцияның тақырыбы – «Көшбасшылық және еріктілік – дамуға әсер ету». Конференцияның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ханымның, сондай-ақ Орталық Азиядағы USAID өңірлік миссиясының директоры Кристофер Эдвардстың қатысуымен өтті. Конференция «Инновациялық фестивальдің» бір бөлігі болды, оның барысында бүкіл Орталық Азияның азаматтық белсенділері бір ай бойы осы жұмысқа қоғамды белсенді тарта отырып, халықтың хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуді.

«Бұл конференция Орталық Азия үшін өңіраралық бастамалар мен азаматтық қоғам ұйымдарын дамытудың маңыздылығына назар аудару үшін қажетті негізгі іс-шара болып табылады», – деді USAID-тің Орталық Азиядағы өңірлік миссиясының директоры К.Эдвардс. «Соңғы он жылдықта бұл конференция азаматтық қоғам ұйымдарының мыңдаған көшбасшыларына Орталық Азиядан тәжірибе алмасуға, байланыстарды кеңейтуге және бірлескен жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді».

Азаматтық қоғамның 80-нен астам өкілі Орталық Азия елдерінің түрлі қалаларында сарапшы ретінде түрлі сессияларға қатысты. Конференция барысында сондай-ақ Amazon People Prize Award үздік азаматтық және еріктілік бастамаларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шараға қатысушылар өз қауымдастықтарына оң әсер еткен көшбасшылардың тарихымен танысты.

###

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы болып табылады. USAID-тің мақсаты – Америка халқының жомарттығын көрсету және көмек алушының өзін-өзі қамтамасыз етуі мен тұрақтылығын дамытуға ықпал ету. Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID парақшасында: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia .