АҚШ павильоны ЭКСПО-2017 көрмесінде Американың “таусылмас қуатын” көрсетпек


АҚШ мен Қазақстанның ресми өкілдері Астанада өтетін Әлемдік ЭКСПО “жолашарына” жиналды

ВАШИНГТОН, (Колумбия Aймағы) – АҚШ павильоны Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін “ЭКСПО-2017” көрмесіне “жолашар” жасады. Кездесу Вашингтон қаласында ресми түрде өтті. Бұл шараға қатысқан АҚШ мен Қазақстан өкілдері ЭКСПО-да өтетін іс-шараларды алдын ала шолып шықты. Энергетика, инновация және жеке қарым-қатынастарға байланысты өтетін бұл көрме 2017 жылыдың ең маңызды ғаламдық шарасы болмақ.

Бұл мемлекеттік-жеке серіктестік жобасына АҚШ Мемлекеттік департаменті таңдаған коммерциялық емес ұйым USAP ЭКСПО-2017 жетекшілік етпекші.

АҚШ павильоны Американың технология және инновация саласындағы көшбасшылығын және АҚШ мен Қазақстан арасындағы берік әріптестікті ерекше атап көрсетеді.

“АҚШ палвильоны биыл әлемдік сахнада Американың қуаты, инновациялылығы және шығармашылығын көрсетпек”, – дейді АҚШ павильонының президенті және бас атқарушы директор Джошуа Уокер.

Біздің америкалық студент-елшілер қонақтарды қарсы алады. Керемет демеушілеріміздің арқасында қонақтарға энергияның болашағын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік беріледі. Бүгінгі “жолашар” екі ел халқы үшін маңызды қадам.

“Таусылмас қуат қайнар көзі” тақырыбындағы АҚШ павильоны америкалықтардың арман-үміттерін Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі достармен, әріптестермен бөліседі. 1100 шаршы метр (11,840 шаршы фут) жерді алып жатқан көрме үш бөлімнен тұрады: Театр 1, Театр 2 және Пост Шоу. Бұл көрме жүлдеге ие болған BRC Imagination Arts дизайн фирмасымен бірлесе отырып жасалған:

Театр 1: Қуатқа толы бөлме
Павильонның кіндігінде келушілерге “таусылмас қуаттың қайнар көзі дегенді қалай түсінесіз?” деген сұрақ қойылады. АҚШ-тың бейнесуреттері ілінген бөлменің ішінде оларды студент-елші қарсы алады. Сосын өткен тарихтан шабыттанған, ертеңгі күннің озық технологиясын ерекше атап көрсететін, Американың инновацивациялық рухын дәріптейтін фильм көрсетіледі. Содан кейін қонақтар “Өмір қуаты” театрына шақырылады.

Театр 2: Өмір қуаты

Мұнда келушілер АҚШ павильонының “Таусылмас қуат қайнар көзі” тақырыбын эмоциялық түрде ашатын, ғажайып, қызықты әрі көңіл-күйді көтеретін шоуды тамашалайды. Синхрондалған үш алып экраннан көрсетілетін шоу еденнен төбеге дейінгі көп қабатты дыбыс және жарық әсерлерінен одан әрі күшейтіледі.

Павильон Постшоуы

Бұл жерде қонақтарды Театр 1 бөлмесінде қойылған сұрақтың жауабымен, “таусылмас қуат қайнар көзі БІЗ ӨЗІМІЗ” деп қарсы алады. Мұнда, біздің демеушілеріміз бен серіктестеріміз АҚШ мен Қазақстан арасындағы достықты одан әрі қалай тереңдете түсетінімізді және ғаламдық мәселелерді шешу жұмыстарын қалай жалғастыратынымызды түсіндіреді.

Бұл мультимедиялық презентацияны Еуразия қорының қолдауының арқасында АҚШ павильонының негізгі бөлігі болып табылатын cтудент-елшілер бағдарламасы толықтырады. Бұл жас америкалықтар қонақтарды қарсы алып, павильонды көрсетеді және болашақ америкалық инноваторлар мен көшбасшылармен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасайды.

АҚШ павильонының студент-елшілері АҚШ-тың 29 штатынан келген, орыс немесе қазақ тілінің сыртында қосымша 17 тілде сөйлейтін, энергетика және экономика, бизнес пен дипломатия мамандықтары бойынша оқып жатырған студенттер мен аспиранттар.

“ЭКСПО-2017” көрмесінде Американы біздің студент-елшілерден артық ешкім көрсете алмайды.” – дейді Қазақстандағы АҚШ елшісі, АҚШ павильонының комиссары Джордж Крол мырза.  “Шынында, бұл павильон Американы таусылмас қуаттың қайнар көзі етіп көрсетеді.”

АҚШ павильоны тек қайырымдылық көмек арқылы қаржыландырылған мемлекеттік-жеке серіктестік. Корпоративтік демеушілеріміз: Chevron, GE, AES, Citi, ExxonMobil, Fluor, Mastercard, Coca-Cola, Cisco, Microsoft, Visa, және WR Grace.

Байланысушы тұлға:

Энтони ДиАнджело
АҚШ павильоны, коммуникация бөлімінің директоры
anthony@usapavilion2017.org
+1 202 702 7510

ЭКСПО-2017 АҚШ павильоны туралы
ЭКСПО-2017 Вашингтон қаласында негізделген, АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ павильонын жобалау, салу және басқару үшін таңдаған коммерциялық емес ұйым.

USAP Expo 2017 командасы Американың жеке, академия және коммерциялық емес секторларында жобалау, басқару, байланыс және дипломатия салаларында жұмыс істейтін, ЭКСПО шаралары және Қазақстан мен Еуразия аймағы бойынша тәжірибесі мол жетекші мамандардан құралған.

 

###