АҚШ визалары – Іскери саяхатшылар нені білуі кажет

АҚШ визалары – Іскери саяхатшылар нені білуі кажет

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен Бас консулдығы сауда мен инвестицияны АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардың ажырамас бөлігі ретінде қарастырып бағалайды. Біз іскери саяхатшылардың Америка Құрама Штаттарына жиі, кейде өте қысқа мерзімде сапар шегу қажеттілігін түсінеміз. Осыны ескере отырып, біз АҚШ-қа B1 / B2 визасын алуға өтініш беру процесін мүмкіндігінше жеңілдеттік. Алайда, визалық өтінішті рәсімдеу үшін іс-сапаршылардың білуге тиісті екі нәрсе бар: біріншіден, визаға өтініш ертерек берілуі керек. Егер үміткерлер сапарға уақытында сұхбаттасуды тағайындауды қамтамасыз ете алмаса, олар біздің жеделдетілген кездесуді сұрау жүйесін қолдана алады. Екіншіден, үміткерлер сұхбат кезінде олардың жұмысы туралы сұрақтарға жауап беруге дайын болуы керек, сонымен қатар АҚШ-қа сапары туралы егжей-тегжейлі түсіндірулері талап етіледі. Қосымша ақпаратты: https://travel.state.gov/content/travel/en/us-visas.html  сайтында алуға болады.

Визаға өтінішті қалай беруге болады

Өтініштерді беру процессі http://www.ustraveldocs.com сайтынан басталады, онда болашақ саяхатшылар виза алу үшін ақы төлейді, иммиграциялық емес визаның электронды формасын толтырады (DS-160) және визалық сұхбатқа Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларын таңдап жазылады. Сонымен қатар, біз АҚШ визасы соңғы 11 айда аяқталған саяхатшылар үшін тағы бір ыңғайлы қызметті ұсынамыз; бұл саяхатшылар сұхбаттаспай визаларын ұзартуға өтініштерін пошта арқылы жібере алады. Қосымша ақпаратты жоғарыдағы веб-сілтеменің «Визамды жаңарту» бөлімінен көре аласыз.

Визаға алдын ала өтініш беріңіз

Өтініш беру процесін қобалжусыз  өткізудің  кепілдендірілген ең сенімді жолы – визаға өтінішті ертерек беру. Америка Құрама Штаттары қазақстандық  туристер үшін іс-сапарларға арналған ең танымал орынға айналуда, ал сұраныстың  ең жоғары кезеңдерінде Елшілік пен Бас консулдықта сұхбатқа жазылу  әдеттегіден гөрі ұзағырақ болуы мүмкін. Саяхатшылар жоспарланған ұшу күніне дейін кемінде 4-6 апта бұрын өтініш беруі қажет және визаны алмадан бұрын авиабилеттер сияқты қайтарымсыз шығындардан аулақ болулары керек.

10-жылдық визалар

Қазір талапкерлердің көбіне 10 жылдық, көп мәртелік визалардың берілуі – жақсы жаңалықтардың бірі болып табылады. Сондықтан сапарға шығуды жоспарлаған сайын 4-6 апта күтудің қажеті жоқ.

Жедел сұхбатқа өтініш

Іс-сапарларға шұғыл бару қажеттілігін түсінеміз. Сұхбаттасуға уақытында жазыла алмаған үміткерлер, жедел жазылу қызметі арқылы сұхбатқа жазыла алады. Жедел жазылу критерийлеріне сәйкес келетін шұғыл кездесулер мен мамандардың кәсіби-техникалық дайындығы жедел жазылуға өтінішті жіберуге себеп бола алады. Тек ғана үміткердің өзі өтініш жасай алады; мұны ustraveldocs.com сайтындағы өзінің профиліне кіру арқылы жасауға болады. (Біз өтініш берушілердің атынан үшінші тараптың сұрауларын қабылдамаймыз, веб-сайттағы өтініш берушінің порталынан тыс хаттар мен телефон қоңырауларын қабылдай алмаймыз.)  «Сұхбаттасуға жедел жазылу» сілтемесі өтініш берушіні арнайы критерийлер мен жедел жазылу өтініші процедураларына сәйкес қадамдардан өткізеді.  Көп жағдайда шұғыл іс-сапар критерийлеріне сәйкес келетін үміткерлер сұхбаттасу күнін ұшып кету күніне дейін қайта тағайындай алады.

Виза сұхбатына дайындық

Визалық сұхбат кезінде АҚШ консулдығының қызметкері өтініш берушілерден олардың жұмыстары туралы және АҚШ-қа жоспарланған сапарының мақсаты жайында сұрайды. Үміткерлер Қазақстандағы жұмысы туралы егжей-тегжейлі сипаттама беруге дайын болуы керек, көп жағдайда құжаттарды ұсынулары қажет емес. Консулдық қызметкер адал іскер- саяхатшының өз жұмысы туралы ақылға қонымды білетіні туралы ақпаратты талқылағысы келеді. Өтініш беруші, сонымен бірге, АҚШ-қа бару қажеттілігін және оның қазіргі жұмысына қандай қатысы бар екеніндігін түсундіре алуы кажет.

Визаны  алу

Сұхбат соңында консулдық қызметкер өтініш берушіге визаның мақұлданғанын бірден хабарлайды. Егер виза берілсе, ол бірнеше күн ішінде өтініш берушіге жеткізіледі. Әдетте визалар біздің серіктес курьер кеңсесінде сұхбаттан кейін бір күн ішінде дайын болады, егерде өтініш беруші үйге жеткізуді қаласа, ол екі-бес күн ішінде (берілген мекен-жайына байланысты) жеткізілуі мүмкін.

Біз виза алу өте қиын процесс болып көрінетінін түсінеміз, бірақ біздің мақсатымыз – виза беру процесін мүмкіндігінше қарапайым және күйзеліссіз болуын қамтамасыз ету.

Сұрақтар?

В1 / В2 визаларына қатысты барлық сұрақтар мен өтініштерді  АҚШ-тың визалық қызмет көрсету бөлімі өңдейді. Егер біздің веб-сайтымызда қарастырылмаған сұрақтарыңыз болса, біздің өтініш берушілерге қызмет көрсету агенттеріміз сізге көмектесуге дайын. Қызмет көрсету желісі демалыс күндері, АҚШ және Қазақстанның ұлттық  мейрамдары күндері жұмыс істемейді.

АҚШ визалары бойынша анықтама алу желісі:
Апта күндері: Дүйсенбі – Жұма
Уақыты: 8.00 – 20.00
Телефон: +7 727-350 57 03

                     8-800-100-2554

e-mail: support-kazakhstan@ustraveldocs.com