Иммигранттық визалар

Иммигранттық визалар

Иммигранттық виза, Америка Құрама Штаттарында жұмыс істеу жоспарында бар-жоғына қарамастан, Америка Құрама Штаттарына тұрақты тұру үшін кіргісі келетін кез келген адамға қажет. АҚШ Елшілігінің Алматы қаласындағы Консулдық бөлімі Қазақстан, және Тәжікстан азаматтарына виза рәсімдейді.

Жалпы санаттар

АҚШ иммиграция туралы заңында иммигранттық визалар беру үшін төрт жалпы санат қарастырылған:

  • Отбасылық иммиграция: АҚШ азаматының жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы, бауыры және АҚШ-тың заңды тұрақты резидентінің жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы;
  • Жұмыс иммиграциясы: белгілі бір жұмысқа алу критерийлеріне сай жұмысшылар;
  • Әртүрлі ұлттарға арналған виза бағдарламасы бойынша иммиграция: «Грин кард» лотереясы деген атпен де белгілі;
  • Күйеу/қалыңдық: АҚШ-қа некеге тұру үшін кіруге берілетін виза.

Әртүрлі виза санаттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін, АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтына немесе АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) сайтына кіріңіз.

Егер Алматыда қаралатын босқын мәртебесін алу туралы ісіңіз болса, АҚШ Бас Консулдығының консулдық бөліміне usakz@state.govэлектрондық поштасы арқылы хабарласыңыз

Иммигрантық виза алу төмендегідей қадамдарды  қамтиды:

1-қадам – Петиция беру

АҚШ азаматы немесе АҚШ тұрақты резиденті шетелдік туысы үшін петиция берушінің АҚШ-тағы тұрғылықты жері бойынша  АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің бөлімшесіне I130 петициясын береді. Қазақстанда тұратын петиция берушілер бұдан былай шетелдік туыстары үшін I-130 петицияларын бұрынғыдай Астана мен Алматы қалаларындағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығына бере алмайды.Қазақстанда тұратын петиция берушілер 2011 жылдың 15 тамызынан бастап I-130 формаларын Иммиграциялық қызметтің Чикагодағы пошта жәшігіне жіберулері керек.  Астана мен Алматы қалаларындағы консулдық бөлімдер I-130 петицияларын тек ерекше жағдайларда қабылдайды.

Иммиграциялық қызметтің Чикагодағы әдеттегі поштаға арналған жәшігі:

USCIS
P.O. Box 804625
Chicago, IL 60680-4107

Иммиграциялық қызметтің Чикагодағы жедел және курьерлік поштаға арналған жәшігі:

USCIS
Attn: I-130
131 South Dearborn-3rd Floor
Chicago, IL 60603-5517

Иммиграциялық қызметтің Чикагодағы пошта жәшігіне I-130 формасын жіберу туралы қосымша ақпарат алу үшін Иммиграциялық қызметтің веб-сайтын қараңыз немесе Иммиграциялық қызметке 1-800-375-5283 нөмірі бойынша телефон шалыңыз.

Ерекше жағдайларда АҚШ Иммиграциялық қызметі жоқ кезде АҚШ Елшіліктеріне немесе Консулдықтарына петицияларды беру:

2011 жылдың 15 тамызынан бастап АҚШ Иммиграциялық қызметінің аймақтық бөлімшесі жоқ елде тұратын, бірақ жағдайлары ерекше қарауды талап етеді деп есептейтін петиция берушілер Елшіліктегі немесе Консулдықтағы консулдық бөлімдердің берілген құжаттарды қабылдауына ерекше рұқсат берілуіне өтініш білдіре алады. Әр ерекшелік жасау туралы өтініш жеке бағаланады.

Астана немесе Алматы қаласындағы консулдық бөлімдерге I-130 формасының берілуін сұраған петиция беруші Консулдық бөлімге хабарласып (usakz@state.gov), ерекшелік жасау туралы өтініштің қаралуын сұрап, мән-жайларды толық түсіндіргені жөн. Содан кейін, Консулдық бөлім ерекшелік жасау туралы өтінішті Мәскеудегі АҚШ Иммиграциялық қызметінің аймақтық бөлімшесіне жолдайды. Іске шынымен жалпы құжат тапсыру процесінен беру керектігін немесе керек еместігін АҚШ Иммиграциялық қызметі анықтайды. Толығырақ ақпарат алу үшін, АҚШ Иммиграциялық қызметінің сайтына кіріңіз.

2-қадам – Ұлттық виза орталығы

Петицияны АҚШ-тағы Иммиграциялық қызмет бөлімі мақұлдағаннан кейін, ол әкімшілік рәсімдеу жұмыстары үшін Ұлттық виза орталығына (ҰВО) жіберіледі. Ұлттық виза орталығы істі нөмірлеп, Алматы қаласындағы АҚШ Бас Консулдығының консулдық бөлімінде иммигранттан виза үшін сұхбат алынатын күнді белгілейді. Ісіңіздің күйін білу үшін, nvcinquire@state.gov мекен-жайына хат жіберуге немесе 6033340700 нөміріне телефон шалуға болады.

3-қадам – Сұхбат

Сұхбатқа дайындалу үшін, өтініш беруші қажетті құжаттарды жинап, медициналық тексеруден өтуі керек. Егжей-тегжейлі нұсқауларды (PDF 914КБ) мына жерден қараңыз.

Форма                             Сипаттамасы

DS-156                           Иммигранттық емес визаға өтініш беру
DS-156K  (PDF, 56 КБ)   Иммигранттық емес күйеу/қалыңдық визасына өтініш беру
DS-230    (PDF, 230)      Иммигранттық виза мен шетелдікті тіркеуге өтініш беру
DS-1981 (PDF, 175 КБ)    Асырап алынған балаға вакцина егілгені туралы аффидевит
ETA-750                          Жұмыс орнына анықтама
G-325A   (PDF, 567 КБ)   Сауалнамалық мәліметтер формасы
I-129F  (PDF, 201 КБ)     Шетелдік күйеу/қалыңдық үшін петиция
I-130 (PDF, 201 КБ)        Шетелдік туыс үшін петиция
I-134 (PDF, 113 КБ)        Қаржылық қолдауды растау
I-140 (PDF, 200 КБ)        Шетелдік жұмысшы үшін иммигранттық петиция
I-360 (PDF, 311 КБ)        Әкесі американдық азиат, жесір немесе арнайы иммигрантқа арналған петиция
I-526 (PDF, 49 КБ)          Шетелдік кәсіпкердің иммигранттық петициясы
I-600 (PDF, 1129 КБ)      Жетім баланы тікелей туыс деп тану туралы петиция
I-600A (PDF, 1097 КБ)    Жетім петициясын алдын ала өңдеу туралы өтініш
I-604 (PDF, 218 КБ)       Шет елдерден жетім балалар іздеу есебін алу туралы өтініш
I-864 (PDF, 339 КБ)      Қаржылық қолдауды растайтын құжаттар пакеті (I-864, I-864A, I-864P, I-865 формалары)

Жыл сайын «Грин-карт» (Diversity Visa Lottery) бағдарламасының шеңберінде АҚШ-қа тарихи иммиграцияның деңгеиі аз мемлекеттерге 50 мың виза таратылып беріледі.

DV лотереясының ережелерін, мерзімін, лотореяға қатысу үшін арыз беру және ақпараттардың бәрін Мемелекеттік депратментінің сайты арқылы біле аласыз http://www.travel.state.gov. Ағылшын тілінде нұсқаулықты мұқият оқып алыңыз, және орыс тілініндегі аудармасын «Пайдалы сілтеме» тарауында таба аласыз.

DV лотореясының ресми интернет-парақшасы: www.dvlottery.state.gov

Мемлекеттік департамент ұтыс туралы хабарландыру жібермейді. Мемелекеттік Департаменті атынан келген қандай да бір хат, сізді https://www.dvlottery.state.gov сайтына жеткізеді, сол жерде мәлімдемеңіздің жағдайын біле аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АҚШ Мемелекеттік Департаментінің ресми сайттарына сырттан қарағанда ұқсайтын жалған интренет-сайттар пайда болған оқиғалар бар. Кейбір  компаниялар өздерін мемлекеттік компаниялар атынан, иммиграциялық визала бағдарламаға қатысу үшін, сауалнама толтырғанына толем алады. Толығырақ ақпарат  Мемлекетік Депратаментінің Ескертуі тарауында бар

K1 визалары АҚШ азаматтарының күйеулеріне/қалыңдықтарына некеге тұру үшін АҚШ-қа келуіне мүмкіндік береді. Неке қию елге келгеннен кейін 90 күн ішінде жасалуы керек. Күйеудің/қалыңдықтың балаларына K2 визалары беріледі.

АҚШ азаматы АҚШ-тағы өзінің тұрғылықты жері бойынша АҚШ Иммиграциялық қызметінің бөліміне I-129F петициясын беруі керек.Егжей-тегжейлі ақпаратты АҚШ Иммиграциялық қызметінің веб-сайтынан қараңыз.

АҚШ Иммиграциялық қызметінің бөлімі петицияны мақұлдағаннан кейін, ол әкімшілік рәсімдеу үшін Ұлттық виза орталығына жіберіледі. Ұлттық виза орталығы істі нөмірлеп, істі Алматы қаласындағы АҚШ Бас Консулдығының консулдық бөліміне жолдайды. Ісіңіздің күйін білу үшін,nvcinquiry@state.gov мекен-жайына хат жіберуге немесе 6033340700 нөміріне телефон шалуға болады.

Консулдық бөлім петицияны алғаннан кейін, сұхбат алынатын күн белгіленеді. Шақыру хат пен сұхбатқа дайындалу туралы нұсқаулар электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Иммигранттық емес визалар бойынша анықтама алу үшін:

Апта күндері: Дүйсенбі – Жұма
Уақыты: 8.00 – 20.00
Телефон: 8 800 100 2554; 7 727 3218081
E-mail: support-kazakhstan@ustraveldocs.com

Иммигранттық визалар бойынша анықтама алу үшін:

Апта күндері: Дүйсенбі, сәрсенбі
Уақыты: 9:00 – 12:00
Телефон: 7 727 2504900

Барлық басқа сұрақтар бойынша usakz@state.gov мекенжайына электрондық хат жіберіңіздер

Астанадағы мекенжай:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010010,
Рахымжан Қошқарбаев даңғылы,
№ 3 ғимарат
Кіретін есік Тәуелсіздік көшесі жағында

Алматыдағы мекенжай:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050059,
«Самал-2» шағын ауданы,
Жолдасбеков көшесі, 97
Ғимаратқа A2 есігінен кірсеңіз,
сізді Консулдық бөлімге ертіп апарады

Сауалнаманы жүктеп алу (PDF 38 КБ)

Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің консулдық бөліміне барғаныңызға/онымен жұмыс істегініңізге қатысты осы сауалнаманы толтыруыңызды өтінеміз. Берген жауаптарыңыз көрсететін қызметтеріміздің сапасын жақсартуға септігін тигізбек.

Сауалнаманы мына факс нөмірі бойынша:

+7(727) 250-48-84

немесе мына электрондық пошта арқылы жіберуіңізге болады:

usakz@state.gov

Көмектескеніңіз үшін рақмет,

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің консулдық бөлімі.