Flag

An official website of the United States government

Important Visa Information

NOTICE

2022 жылдың 1 қазанынан немесе одан кейін сатылып алынған иммиграциялқ емес виза (MRV ретінде белгілі) түбіртектері; сол түбіртектер сатылып алынған күннен бастап 365 күн бойы жарамды.  Визаға өтініш берушілер осы 365 күндiк мерзiм iшiнде виза сұхбатына жазылуды жоспарлауы немесе визаны пошта арқылы жаңартулары (dropbox) тиiс.   Виза сұхбатының 365 күн ішінде өткізілуі тиіс деген талап жоқ.  2022 жылдың 1 қазанына дейін төленген түбіртектер (MRV fee) 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамдылық мерзімі ұзартылды.

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы көптеген иммиграциялық емес визаға үміткерлер виза түбіртектерін (MRV алымы) төлеп қойғанын және әлі де сұхбатты жоспарлауды күтіп отырғанын түсінеді. Біз 2020 жылдың 2- желтоқсанынан бастап қалыпты визалық қызмет көрсетуді қайта бастадық. АҚШ Мемлекеттік департаменті виза сұхбатына жазыла алмаған барлық өтініш берушілердің 2020 жылдың 19 наурызында немесе одан кейін төленген виза түбіртектерінің (MRV алымы) жарамдылық мерзімін 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартты. Бұл шара консулдық операцияларды уақытша тоқтату кесірінен иммиграциялық емес виза бойынша сұхбатқа жазыла алмаған өтініш берушілерге қосымша төлемсіз сұхбатқа жазылуға мүмкіндік береді.

Иммигранттық визалар

АҚШ иммиграция туралы заңында иммигранттық визалар беру үшін төрт жалпы санат қарастырылған:

  • Отбасылық иммиграция: АҚШ азаматының жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы, бауыры және АҚШ-тың заңды тұрақты резидентінің жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы;
  • Жұмыс иммиграциясы: белгілі бір жұмысқа алу критерийлеріне сай жұмысшылар;
  • Әртүрлі ұлттарға арналған виза бағдарламасы бойынша иммиграция: «Грин кард» лотереясы деген атпен де белгілі;
  • Күйеу/қалыңдық: АҚШ-қа некеге тұру үшін кіруге берілетін виза.

Әртүрлі виза санаттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін, АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтына немесе АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) сайтына кіріңіз.

Егер Алматыда қаралатын босқын мәртебесін алу туралы ісіңіз болса, АҚШ Бас Консулдығының консулдық бөліміне usakz@state.govэлектрондық поштасы арқылы хабарласыңыз

Иммигранттық емес визалар

Барлық визаға өтініш берушілер DS-160 визасына өтініш беру формасына енгізген ақпаратын екі қайтара МҰҚИЯТ тексеріп алуы керек. Мәліметтердің дұрыс енгізілмесе, айтарлықтай кешігулер орын алып, екінші рет сұхбат алу/кездесу қажет болады.

Биометриялық мәліметтерді өңдеу рәсімдеріне байланысты, Консулдық бөлім визаларды сұхбат болған күні бере алмайды. Барлық өтініш берушілердің виза алуға алдын ала өтініш берулері құпталады. Ұшаққа билет сатып алынып қойған болуы себепті сұхбат алу уақытын тездету мүмкін емес. Сондықтан қолыңызға жарамды виза тимейінше, ұшаққа билеттер алмағаныңыз жөн.

Қолайлы тұрғын жай

Кездесуге қолайлы тұрғын жай қажет болса, кездесуді тағайындаған бойда бірден тұрғын жай сұрағаныңыз жөн. Мүмкіндігі шектеулі және сырқаттанған адамдарды баспанамен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз. Берілетін тұрғын жай жайғдай және адамның қажеттіліктеріне орай әр түрлі болады.
Мынандай тұрғын жай мысалдары бар, алайда онымен шектелмейді:

    • Егер Сізге денсаулық жағдайына немесе мүгедектігіне байланысты жеке кездесу қажет болса, біз Сіздің сұхбаттасу уақытыңызды өзгерте аламыз.
    • Егер Сіз немесе балаңыздың тыныш жерде бетпе-бет кездесуді талап ететін ерекше қажеттіліктеріңіз болса, біз Сіздің немесе отбасыңыздың сұхбат уақытын өзгерте аламыз.
    • Егер Сіз сөйлей алмасаңыз, қалам мен қағазды пайдалану сияқты келісілген вербалды емес түрде сұрақтарға жауап беруге рұқсат етілуі мүмкін.
    • Егер Сіз нашар немесе тіпті ести алмасаңыз, қажет болған жағдайда сұхбат кезінде аударма жасау үшін сурдоаудармашыны өзіңізбен бірге ала аласыз.
    • Егер көру қабілетіңіз нашар болса, біз хабарламаларды үлкен әріптермен жаза аламыз.

Денсаулық жағдайына, соның ішінде туа біткен ауытқуларға, физикалық деформацияларға, тері жағдайларына байланысты саусақ іздерін бере алмасаңыз, белгілі бір саусақтар үшін саусақ ізінен бас тартуға құқығыңыз бар.

  • Сұхбаттан бас тарту мүмкіндігі төтенше жағдайларда ғана беріледі, мысалы, санитарлық авиацияның ұшуын қажет ететін аурудың болуы.

Консулдық бөлімнің күту залы және оның дәретханасы мүгедектер арбасында отырған келушілерге қолайлы және қолжетімді.