Иммигранттық емес визалар

АҚШ-қа уақытша келушілер

Барлық визаға өтініш берушілер DS-160 визасына өтініш беру формасына енгізген ақпаратын екі қайтара МҰҚИЯТ тексеріп алуы керек. Мәліметтердің дұрыс енгізілмесе, айтарлықтай кешігулер орын алып, екінші рет сұхбат алу/кездесу қажет болады.

Биометриялық мәліметтерді өңдеу рәсімдеріне байланысты, Консулдық бөлім визаларды сұхбат болған күні бере алмайды. Барлық өтініш берушілердің виза алуға алдын ала өтініш берулері құпталады. Ұшаққа билет сатып алынып қойған болуы себепті сұхбат алу уақытын тездету мүмкін емес. Сондықтан қолыңызға жарамды виза тимейінше, ұшаққа билеттер алмағаныңыз жөн.

Нұр-Сұлтанда-немесе Алматыда виза алуға өтініш беру

Америка Құрама Штаттарына иммигранттық емес виза алуға өтініш беру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1-қадам.

  1. Төлқұжатыңызды тексеріңіз:

    a) Төлқұжатыңыз Құрама Штаттарға бармақ болған мерзімнен кейін кемінде алты ай жарамды болуы керек (мыс., АҚШ-қа наурыз айында бір айға баруды жоспарласаңыз, төлқұжатыңыз кемінде қазан айына дейін жарамды болуы керек).
    b) Төлқұжатыңызда виза үшін кемінде бір бос бет болуы керек.

  2. Фотосуретіңізді тексеріңіз:

Виза алуға онлайн өтініш беруді аяқтау үшін сізге сандық фотосурет қажет.  Фотосуретті жүктеуге қойылатын талаптар мен фотосуреттің техникалық шарттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз жүктеген фотосурет талаптарға сай келмесе немесе өзіңіздің фотосуретіңіз болмаса, сізге фотосуретсіз жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда, өтінішті сәтті беріп қойған болсаңыз, жоғарыдағы талаптарға сай келетін фотосуретті сұхбатқа алып келуіңізге болады. Фотосуреттің өлшемі 2 х 2 дюйм (шамамен 50 мм х 50 мм), басыңыз кадрдың ортасында орналасуы, қазіргі келбетіңізді көрсету үшін соңғы 6 ай ішінде түсірілген болуы керек. Фотосурет түрлі түсті, тек ақ фонда болуы керек. Бас киімдер немесе бас жабынын киюге діни себептермен киілсе және олар бет-әлпет ерекшеліктерін жасырып тұратын болмаса ғана рұқсат етіледі. Фотосуретте көзілдірік тағуға тек линзалары реңктелмеген және жарық қайтармайтын болса немесе көзді жасырып тұратын көлеңке немесе жақтаулары болмаса ғана рұқсат етіледі. Фотосуретті виза алуға онлайн өтініш білдіру формасына жүктеудің орнына сұхбатқа әкелсеңіз, виза берілу үдерісі ұзаруы мүмкін.

Ескерту: Суретіңіз тіпті сурет сапасын онлайн бағалау сынағында қабылданса да, ол жоғарыда белгіленген талаптарға сай болмаған жағдайда виза алу үшін сұхбат кезінде қабылданбай қойылуы мүмкін. Сондықтан, фотосуретіңізді өтінішпен бірге жіберіп қойсаңыз да, сұхбатқа келерде жоғарыдағы талаптарға сай келетін бір фотосуретіңізді ала келуге кеңес беріледі.

2-қадам. Ақы төлеу, өтініш формасын толтыру және кездесуді белгілеу үшін АҚШ Виза туралы ақпарат қызметінің веб-сайтына кіріңіз

3-қадам. Консул қызметкерімен сұхбатқа келіңіз. Кей жағдайларда өтінішті VFS Global арқылы жіберуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін, АҚШ Виза туралы ақпарат қызметінің веб-сайтына кіріңіз.

4-қадам. Төлқұжатыңыз бен визаңызды VFS Global арқылы алыңыз

Сұхбатқа жазылу кезінде төлқұжатты жеткізу мекенжайын өзіңіз таңдайсыз. Сіз төлқұжатыңызды  Нұр-Сұлтан немесе Алматыдағы VFS Global  курьерлік компаниясының кеңсесінен өзіңіз аласыз.

Сіз сондай-ақ үйге немесе кеңсеге ақылы жеткізуді таңдай аласыз. Бұл жағдайда төлқұжатыңыз сізге DHL курьерлік қызметі арқылы жеткізіледі. Құжаттар тапсыруға дайын болған кезде өтініш берушілерге электрондық пошта арқылы осы қызметке ақы төлеу керектігі жайында хабарлама жіберіледі. Бір өтініш берушіге қызмет құны 14 АҚШ долларын құрайды (хабарлама күніне сәйкес айырбас бағамы бойынша теңгемен алынады).

Виза қолыңызға тимей жатып, жол ақыларын төлемегеніңіз жөн. Төлеп қойған болсаңыз, АҚШ Елшілігінің Консулдық бөлімі жауапкершілік көтермейді, сондай-ақ сапарға шығу күніңіз белгіленіп қойғандықтан виза беру үдерісі тездетілмейді.

Визадағы ақпарат

Визаға санат, аяқталу күні және рұқсат етілген кіру саны туралы ақпарат басылады. Аяқталу күні дегеніміз – сізге АҚШ аумағына КІРУГЕ болатын соңғы күн. Құрама Штаттарға келгеннен кейін, АҚШ Иммиграциялық офицері қанша уақыт қалатыныңызды анықтайды.

Иммигранттық емес визалар алу үшін екі төлем түрі бар:

Иммиграциялық емес визалар үшін төленетін ақы 
Санат Консулдық алым
B1/B2, C, D, F, I, J и M $160
R, H, L, O, P, Q $190
E $205

Барлық виза ақылары АҚШ долларымен төленуі керек.

Виза беруден бас тарту

Егер сізге виза беруден бас тартылса, қайтадан өтініш беруіңізге болады.Дегенмен, Қазақстанмен берік әлеуметтік және экономикалық байланыстарыңыз бар екенін немесе өміріңіздегі мән-жайлардың өзгергенін көрсете алатын қосымша немесе жаңа ақпаратсыз қайтадан өтініш беруге кеңес бермейміз.

Егер сізге виза беруден бас тартылса, консулдық алым қайтарылмайды.

Иммиграция және азаматтық туралы заңның 214(b) тармағына сәйкес виза беруден бас тарту туралы қосымша ақпаратты Мемлекеттік департамент веб-сайтындағы Виза беруден бас тарту бөлімінен қараңыз.

Шұғыл визаға өтініш беру талаптарын  https://www.ustraveldocs.com/kz/ru/expedited-appointment қараңыз.

Виза үшін сұхбат алудың мақсаты

Америка Құрама Штаттарының иммиграция туралы заңы виза алуға өтініш берушіні оның көшуге ниеті жоқ екенін дәлелдеуге міндеттейді. Басқаша айтқанда, иммигранттық емес визаға өтініш беруші Консулдық қызметкеріне өзінің АҚШ-қа біржолата өмір сүру үшін бара жатпағанын жеткілікті дәлелдеуі керек. Әр өтініш беруші АҚШ-қа уақытша бара жатқанын және өз еліне қайтып келуіне мәжбүрлейтін нық байланысы бар екенін көрсетуі керек. Әрбір нақты істің жағдайларына сүйене отырып өтініш берушіге құқық берілу-берілмеуін анықтау АҚШ Елшіліктері мен Консулдықтарындағы консулдық қызметкерлерге тәуелді.

Әр адамның жағдайы әртүрлі болатындықтан, бірдей түрлі виза алуға өтініш берген кісілерге әртүрлі сұрақтар қойылып, олардан басқа құжаттар ұсынуы талап етілуі мүмкін. Әр кісінің жағдайының бағалануына қарай, консулдық қызметкерлер қосымша ақпарат немесе құжаттар сұрауы мүмкін.

Сұхбат болған күні жылдам әрі нақты болыңыз. Елшілікке/Бас консулдыққа белгіленген уақытта келіңіз. Кездесу уақытынан кешігіп қалсаңыз, жаңа кездесу белгілеуіңіз керек болады.

Мәліметтерді қасақана бұрмалап беру арқылы немесе алаяқтық жолмен виза алу әрекеті Америка Құрама Штаттарына кіру үшін виза немесе рұқсат беруден біржолата бас тартылуға себеп болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтандағы сұхбат алынатын жер

Консулдық кеңсесінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы 010010,
Рахымжан Қошқарбаев даңғылы,
№ 3 ғимарат
Кіретін есік Тәуелсіздік көшесі жағында

Алматыдағы сұхбат алынатын жер

Консулдық кеңсесінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050059,
«Самал-2» шағын ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97

Ғимаратқа A2 есігі арқылы кірсеңіз, сізді Консулдық бөлімге дейін ертіп апарады. Құжаттарыңызды №1 терезеге тапсырып, орындыққа жайғасыңыз.

Сұхбатқа әкелінетін заттар

  • Төлқұжат
  • Жеке куәлігіңізді немесе кез келген басқа фотосуретіңіз бар жеке басты куәландыратын құжатыңызды әкеліңіз
  • DS-160 Confirmation Page растау парағы
  • Confirmation ID сұхбатқа жазылғаныңыздың растауы (кездесу белгіленгеннен кейін жасалады)
  • Банк түбіртегі (түпнұсқа мен бір көшірмесі)
  • Қосымша құжаттар

Консулдық бөлімде қанша уақыт жүруіңіз мүмкін

Әр адамның жағдайы әртүрлі және сондықтан оларға әртүрлі уақыт кетуі мүмкін. Дегенмен, Елшілікте шамамен екі сағат жүретініңізді күткеніңіз абзал.

Балалардан сұхбат алу

Төмендегі талаптардың барлығы орындалған жағдайда 14 жасқа толмаған балалардың сұхбатқа келуі міндетті емес:

1) Бала АҚШ-қа өзінің тікелей туыстарымен (әке-шешесімен немесе ата-әжесімен) бара жатса;
2) Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы ұсынылса;
3) Баламен бірге баратын туыста жарамды АҚШ визасы бар болса; және
4) Бала өзінің төлқұжатын ұсынса.

17 жасқа толмаған балалар бір ересекпен бірге келуіне болады.

Елшілікке әкелуге болмайтын заттар

Мына заттарды әкелуге тыйым салынады:

  • Ұялы телефондар, компьютерлер, радиолар немесе қалта компьютерлері сияқты электрондық заттар
  • Аэрозоль баллондары мен парфюмериялық құтылар
  • Кез келген қару-жарақ (соның ішінде пышақ-бәкілер)
  • Камералар
  • Түсіру-жазу құрылғылары

Елшіліктің виза күту бөлмесіне өтініш берушінің жанында ешкім болмауы керек екенін ескеріңіз. Бұған американ азаматтары, жұбайлары, адвокаттары, демеушілері, достары мен отбасы мүшелері де кіреді. Осылайша, бұл кісілер бергісі келетін кез келген ақпарат өтініш материалдарымен бірге берілуі немесе сұхбат кезінде Консулдық қызметкеріне тапсыру үшін өтініш берушіден беріп жіберілуі тиіс. Түсінгеніңіз үшін рақмет.

Иммигранттық емес визалар бойынша анықтама алу үшін:

Иммиграциялық емес визаны рәсімдеуге қатысты барлық сұрақтарға АҚШ визалық ақпарат желісі жауап береді. АҚШ-тың Қазақстандағы ресми визалық ақпарат қызметінің байланыс мәліметтерін https://www.ustraveldocs.com/kz/ru/contact-us қараңыз.