Менің ағам Раман Ж. Күрті ауданындағы кішкентай ғана ауыл Жиекте туылған. Есімі Рахман болуға тиіс еді. Бірақ ол діни мағынасы бар, яғни тыйым салынған есім болған соң, отбасым тіркеу кітабына “Раман” деп жаздырған. Біздің ауылда ол белгілі адам еді, 2017 жылы Жиекті басқара бастады. Сол жылдың 20 қарашасында оны қайта тәрбиелеу лагеріне жіберді. Оны тура жұмыс кабинетінен ұрлап әкетті.
Ағамды ұстауларының себебі мынадай еді: ол әр жұма сайын ауданның әкімшілік орталығы Күртінің мешітіне барып тұратын. Бір күні достарымен бірігіп Жиекте жаңа мешіт салуға ақша жинамақ болған. Сөйтіп, достарымен бірге ұсталды.
Қамалғаннан кейін жеті ай бойы оны тергеу үшін деп түрмеде ұстады. Сол айларды кішкентай ол дымқыл бөлмеде, орындыққа байланып, аяқ-қолы кісенделген күйде өткізді. Оған жатуға рұқсат бермеді. Күні-түні отырумен болды. Түрмедегі бірінші айында оның мойнына шынжыр жалғанған мата таңып, үстелге байлап қойған. Ол мата мойнындағы жарасына тие берген соң, жарасы жазылмай қойды. Ыстығы көтерілді. Ақырында, оны ауруханаға жатқызды. Ағамның басынан өткендерін үкімет оның бауырын, менің тағы бір ағамды ауруханаға шақыртқанда ғана білдік.
Бауырының айтуынша, ол ауруханаға жаңа барғанда, Раман басын қара қалпақ киіп отырған. Қалпақты шешкенде бауыры Раманды танымай қалыпты. Қиылмаған шашы шатасып кеткен. Арықтаған. Жарасы ауыр болса да, мойнындағы мата сол қалпы байлаулы тұрған. Онсыз жарасы жазылмайды деп дәрігерлер әбден айтып көндірмейінше, шенеуніктер оны шешуге келіспей қойған. Содан кейін ғана, жоғары тұрған бастықтарынан рұқсат алып барып, бірақ шешкен.
Сол сынақтан кейін оны саяси оқу лагеріне жіберіп, онда тағы сегіз ай отырды. Бірақ тағы ауырып қалып, ауруханаға қайта түскенінде, оған туберкулез деген диагноз қойды. Агасы оны лагерге ауыстырылғанында бірақ көре алды. Сол екеуінің бірінші рет көрісулері еді. Ол анасына түрмемен салыстырғанда лагерь үйдей деген. Әйтеуір басым жастыққа тиді, деген. Содан бері анасының көзі көрмей қалды. Оның бәрі уайымнан. Көзіне екі рет ота жасалып, қазір толықтай зағип болды.
Раманның жұбайы, менің әпкем, үй шаруасында болатын. Күйеуін түрмеге жапқан соң ол мейрамханаға ыдыс жуушы боп жұмысқа тұрды. Алайда, енесінің көзі көрмей қалған соң жұмысынан кетуге тура келді. Енді олар қайырымдылықтың арқасында күн көріп отыр.
Былтыр наурыз айында ағамды үш жылға соттады. Әкем бауырының тағдырына алаңдайды. Бірақ оның өзінің жүрегі осал, сондықтан оған жаңалықтың бәрін айтпаймыз. Ағама барып, көрісе алатын жұбайы ғана, оның өзі туберкулездің дәрілерін апарып беру үшін ғана. [Көз жасын ұстай алмай] Босап шыққанға дейін тірі болады деп ойламаймын. Ондағы жағдай ауыр. Тамағы нашар. Бәрімізді алаңдататын бір сұрақ: түрмеден босатқанға дейін ол шыдай ма?
— Жайнагул Н., 33 жас (Раман Ж., ағасы)
Сұхбат 2019 жылдың мамыр айында алынды