Шыңжаннан шыққан дауыстар: Мен оралмасам, туыстарымның басы бәлеге қалады

Менің анам өмір бойы Қытайда физика мұғалімі боп жұмыс істеді. Зейнетке шыға салып, әйелім жұмысқа шыққан соң, бала қарап беремін деп осында келді. Қытайға жылына бір рет зейнетақысын алу үшін барып тұратын. Жылына бір үзбей барып тұрды. Соңғы рет барғанында Қытай үкіметі оның төлқұжатын тартып алды. Айлар өтті. Төлқұжаты туралы сұраған сайын, оған жоғары деңгейдегі мекемелерде деп жауап берді. Қолымыздан ештеңе келмейді деп сендірді. 

Желтоқсан айында Үрімшідегі туыстарымнан анам ақылынан алжаса бастады деп естідім. Қазақстанға келуден оның үміті үзілді. Бұл жағдай оның қажытып жіберді. Маған ол бір ай бойы ұйықтамады деді. Қазақстанда жүргенде-ақ денсаулығы нашар еді. Өт қалтасына, жатырына операция жасалған. Жағдайын білейін десем, туыстары арқылы сөйлесу қашан да қиын болатын. Ұзақ сөйлесе алмайтынбыз. Халі қалай? Бар сұрай алатыным осы болды. Анаң тағы шағымданды, деп жауап беретін олар. “Балаларымды ендігәрі көрмейтін шығармын”, деп айтты. Осы күйімше өліп кететін шығармын. 

Осы жылдың қаңтарында оны Үрімшідегі психиатриялық ауруханаға жатқызды. Ол онда бір апта жатты. Туыстарым көрісуге барғанда екеумізді сөйлестірді. Не айтарымды білмедім. Өзін күтінсін дедім де, қойдым. Ендігі туыстарына қайтып барды, бірақ олардың анама шыдамдары жетпейді. Мүгедекке айналуға аз қалды. Олар маған “әкеңнің туыстары қарасын”, деді. Жұмыс істеуіміз керек. Оған қамқор бола алмаймыз. 

Осындағы консулдыққа Қытайдан үш рет делегация келді, мен әр жолы барып кездестім. Бірінші рет 2018 жылдың қазан айында, екінші рет қарашада бардым. Шенеуніктер маған анам туралы нақты ештеңе айта алмады. Осы жылы қаңтарда үшінші рет бардым. Бұл жолы олар маған анам қайтқысы келмейтін шығар деді. Бұл оның өз таңдауы, деді олар. 

Үкімет кейбір Қытай қазақтарына қонаққа келуге рұқсат береді деп естідім. ҚХР-дағы отбасы мүшелері олардың кепілгеріне айналады: егер кеткен туысы оралмаса, олардың жағдайы қиындайды. Бәлкім, лагерге қамалатын шығар. Солай келген бірнеше Қытай қазағын кездестірдім. Оның біреуі – немере бауырымның әпкесінің қайын атасы еді. Ол мұнда екі-үш аптадай болды. Бір күні оны жеке шығарып, неге қайтқысы келетінін, неге осында қалып, азаматтыққа өтініш тапсырмайтынын сұрадым. Ол маған “Мен оралмасам, туыстарымның басы бәлеге қалады” деді. Сондықтан қайтамын. Үкіметтің қолы алыста жүрсең де саған жетуі мүмкін. Ол кісі сексенде еді, өзін-өзі кейде ұстай алмайтын. Туыстары оны үйден шығармай ұстады. Тіпті Қазақстанның өзінде далаға шығармады. Олар көп сөйлеп қояды деп қорықты. 

 

Бауыржан Е., 35 жаста (Бекезада М., анасы)

Сұхбат 2019 жылы мамыр айында алынды