Flag

An official website of the United States government

Шыңжаннан шыққан дауыстар: Қытайға оралсам, қызымды босатады
2 Хаттаманы оқу
Сәуір 12, 2020

Kulzhabek is wearing a blue takiya embroidered with swirls of gold. Beneath it, the face of a worried father.
Құлжабектің үстінде алтын иірімдері бар көк тақия. Астында уайымдаған әкенің жүзі.

 

Қызымды тұтқындап әкеткенде, менің жиенім оған қоңырау шалмауымды өтінді. Мен сені өзім шақырамын, – деді ол. Мен осында, Қазақстанда тұрғанмын. Менің жиенім сол ауылда – Қытайда, менің туған ауылымда тұрды. Бірнеше күн бойы ол маған телефон арқылы хабарласып ақпарат беріп тұрды. Басында полиция тек Сәуленің құжаттарын тексеретінін айтқан. Түрмеде болсын, ең бастысы қызымның жағдайы жақсы болады деп үміттендім. Үшінші күні оны лагерьге әкетті. Менің жиенім сол жерге бірге еріп барды. Оған не болғанын білмеуімнің бірден-бір себебі.

Білесіз бе, мен Қытайда тұрғанымда Ойман Бұлақ мешітінде жұмыс істедім. Басында мен азаншы болдым. Мен сиынып келгендерді күніне бес уақыт намаз оқуға шақырдым. Келесі сегіз жыл ішінде мен имам дәрежесіне дейін көтерілдім. Мемлекеттің өзі мені оқуға жіберді! Осының бәрі соншалықты ойға сыймайтыны да содан ғой. Бұл ресми қызметім еді. Мен Қытайдың ресми Ислам қауымдастығының мүшесі болдым. Билік бізге ислам дінін ұстана аласыздар деді және басында солай болды. Кенет 2017 жылдың сәуірінде жағдай өзгерді. Олар имамдарды лагерлерге жібере бастады. Содан кейін олар ислам дінін уағыздайтындарды лагерлерге жіберді. Содан соң Құран туралы қандай да бір ілімі мен білімі барларды жібере бастады. Соңында үйде Құран  ұстағаны үшін, немесе дұға жасағандары үшін адамдарды қамауға алатын болды.

Олардың мені ұстайтындары белгілі болғанда, мен қашып, қызыма Қазақстанға қарай бет алуға шештім. Сол уақытқа дейін мен әрқашан берілген бұйрықты бұлжытпай орындап келдім.  Шыңжаңдағы имам болған соң көптеген бұйрықтар түседі! Менен талап еткенде тіпті бірнеше апта қатарынан талай саяси іс-шараларға қатыстым. Мен мойынсұндым әрқашан. Алайда бұл жолы дүрбелең болдым. Мен мал-мүлкімді, үйімді, қойларым мен малымды тастап кеттім. Сонда ойыма жалғыз келгені – менің малымды күту үшін күзетші жалдау қажет-ау деген ой.

Қазақстанға жеткенде мен жалдаған күзетші маған қоңырау шалды. Менің үйіме жергілікті полиция кірді. Олар тыйым салынған кітаптарды іздеді, деді ол. Олар ешбіреуін таба алмапты. Менің барлық кітаптарым үкіметтің мақұлдау мөрімен басылған. Бірақ сол бір қоңырау менің қорқынышымды растады. Олар мені алып кету үшін келді.

Жақында менің қызым оқу орнын бітіріп, алғашқы жұмысын корпоративті фирмада, қытай-қазақстандық бірлескен кәсіпорнынан тапты. Ол жұмысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы сапарлар бар еді. Оның қытай паспорты мен қазақ визасы болған. Оның басына пәле келеді деген ой тіпті кіріп шықпаған.

Біраз уақыт бойы жиен қыз маған мән-жайды айтып хабарласып тұрды. Тіпті соның өзінде Сәуле туралы ашық айтуға батылымыз жетпеді. Шифрды пайдаланып, менің жиенім маған қызымның мүмкін мұғалім болып па, әйтеуір лагерь жүйесінде жұмыс істейтінін жеткізді. Бірақ мен жиеніммен байланысты жоғалтып алдым. Соңғы сөйлескенімізден бері үш-төрт ай өтті.

Хабардан сырт қалған мен бірнеше айдан кейін қызымның әріптесінен хат алдым. Олардың фирмасы қызымның ісіне алаңдаушылық білдіріпті. Олар әріптес қызды лагерьге қызыммен сөйлесуге жіберген екен. Хатта айтылғандай, менің қызым әріптесіне толығымен миы жуылып-шайылған сезімде екенін айтқан екен. Ол өзін сол жерде туылғандай, бүкіл өмірін лагерьде өткізгендей сезініпті. Қызымның айтуынша, отбасын есіне әрең түсіріпті. Маған әріптесінің осы Қазақстанда жіберген хатында тағы бір жаңа ақпарат бар: ол бойынша, егер мен Қытайға оралсам, қызым босатылады-мыс.

Оларға мен не үшін керекпін? Әр ауыл әр саяси лагерьге қанша адам жіберілетінін анықтайтын квотаға сәйкес келуі керек деп естідім. Көбісі дін саласынан хабары болғаны үшін немесе Қазақстанда туыстары бар болғаны үшін лагерьлерге түседі. Мен екі санатқа да жатамын. Мен оларға сол квоталарды орындау үшін керегім бар деп санаймын. Енді мені имам болғаным үшін ғана емес, визамның жарамдылық мерзімі де бір жылдан астамға өтіп кеткені үшін де… Мен Қазақстанға келгеннен кейін бір айдан соң Қытайға оралуға тиіс едім. Мен визаның шарттарын бұздым. Егер мен оралсам, олар мені соттайды. Менің қызымның жұмыс орнындағылары лагерьде оның неге қамауда отырғанын сұрағанда, “оның қатысы жоқ, бар мәселе әкесінде” деген жауап келіпті..

—Қ.Н., 46 жаста (С.Қ.қызы)

Сұхбат 2018 жылдың тамыз айында жасалды