Flag

An official website of the United States government

Шыңжаннан шыққан дауыстар: Қамаудағы өзіңнің соңғы күніңді білгенің жақсы болар еді
6 Хаттаманы оқу
Шілде 9, 2020

Voices from Xinjiang: It would have been nice to know my last day.

 

Рахима тігін шеберханасында жұмыс істейді.

Иә, мен лагерьде болдым. Бір жылдан артық…

Біз балаларымызды ойладық, түсінесіз бе? Олардың болашағына алаңдадық. Сондықтан біз осында көшіп келдік. Біздің келген себебіміз: бұл – біздің Отанымыз. Барлық қазақтар Қазақстанға оралулары қажетБізге осылай айтты. Сонымен, біз 2013 жылы келдік: күйеуім екеуіміз және біздің төрт кішкентай баламыз – екі қызымыз және екі ұлымыз. Бірақ менде визасыз сапарларға рұқсат болғандықтанөзім ғана барып қайттым. Менің ата-анам әлі Қытайда болды, сондықтан мен оларға да бардым. 2017 жылға дейін ешқандай мәселе болған жоқ. Шекараны кесіп өту оңай болды. Сол жылғы жазда мен тіпті шекарада, Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығындажұмыс істедім. Бұл – еркін сауда аймағы. Сіз ол туралы білесіз бе? Мен қытай базарларының бірінде, Юй базарында, аудармашы болып жұмыс істедім. Қазақтар ол жаққа қытай тауарларын сатып алуға баратын. Мен аудармашы ретінде қызмет атқардым. Менің балаларым мектепте оқуды бастаған кезде, мен Алматыға оралдым. 2017 жылғы тамыз айында менің ата-анам мені Қытайға шақырды. Оларға билік өкілдері келді.

Ата-анам Текес округіндегі өте кішкентай ауылда тұрады. Ол жай ғана Әскери жылқы фермасы деп аталады. Мен келгенде, билік мені көргісі келді. Олар менен қан үлгісін, саусақ іздерін алды, менің дауысымды компьютерге жазып, мені ФАС және профильге суретке түсірді, содан кейін жіберді. Сол кезде олар маған мұның бәрі не үшін керек екенін айтқан жоқ. Мен түсінбедім. Олар менің телефон нөмірімді алды, содан кейін мен Қазақстанға оралдым. Біраз уақыт өткен соң сол айда олар маған қоңырау шалып, Қытайға қайта баруым керек екенін айтты. Басында мен «жоқ» деп, қарсылық білдірдім. Үш күннен кейін менің ата-анам қоңырау шалды. Билік олармен қайтадан кездесуі керек еді. Сондықтан, көріп отырғаныңыздай, маған қайта келуге тура келді.

Сол жылдың қазан айында мен Қорғастағы қонақ үйде түнеп шығып, шекараны кесіп өттім. Келесі күні мен өз ауылыма барып, ата-анамның үйінде түнедім. Айдың он алтыншы жұлдызында таңертең билік өкілдері келді. Олар менің ата-анама егер мен олармен бірге бармасам, онда біз қандай да бір заңды бұзатынымызды айтты. Олар менің анам мен әкемді және үйді суретке түсірді, сосын мені алып кетті. Олар мені түрмеге апаратындарын айтқан жоқ. Олар жай ғана бірнеше сұраққа жауап беруім керек екенін айтты.

Мен түрмеге өзім үшін жаңа болып көрінген көлік түрімен, полиция автокөлігімен, жеткізілдім. Күзетшілер ештеңе айтпады, түк түсіндірмеді. Мен түрмеге кірейін деп жатқанда, маған кісен тақты. Мен сол кезде үйге қайтып оралмайтынымды түсіндім.

Түрмеде біз көп адам болдық. Әр бөлмеде жиырма қыздан болды және бөлмелер де көп болатын. Біз осы бөлмеде отырдық, тұрдық және тамақтандық. Біз сол жерде ұйықтадық. Спортзал да, аула да болған жоқ. Біз күндіз де, түнде де бөлмеде болдық. Күзетшілер қатыгез емес еді. Олар бізді жайдан-жай ұрған жоқ, бірақ біз кете алмадық. Сонымен қатар, егер біз нұсқауларды тез арада орындамасақ, олар айқайлап, бізді қорлайтын. Уақыт өте келе мен бірнеше басқа да әйелдермен таныстым. Қамаудан босап шыққаннан кейін өзім таба алған кейбір әйелдермен араласып та тұрдым. Олардың кейбіреулері түрмеде көп уақыт өткізді. Маған келер болсақ, мен түрмеде тек жетпіс күнімді ғана өткіздім. Сол жылдың желтоқсан айында мені түрмеден лагерьге алып кетті.

Олар оны кәсіби қайта даярлау орталығы деп атады. Біз күн сайын таңертеңнен кешке дейін қытай тілі сабақтарына қатыстық. Біз сондай-ақ ҚХР-дың ішкі саясатын зерделедік. Мен ендігі қытайша сөйлей алатын болдым, аудармашы болып жұмыс істедім. Сондықтан бұл сабақтар маған пайда әкелмеді. Бірақ мені былай қойғанда, лагерьде колледж бітірген адамдар да болды! Шағымданатындай мен кіммін? Бұл адамдар ол жерде не істеп жүрді?

Осы уақыт бойы мен не болып жатқанын түсінбедім. Мен өз-өзіме сұрақ қойдым: мен нені дұрыс жасамадым? Мен қандай қылмыс жасадым? Неге мен осындамын? Мен осы сұрақтарды лагерьде сұраған кезде, олар маған телефонымнан WhatsApp бағдарламасын тапқандықтан осында отырғанымды айтты. «Сіз WhatsApp-ты пайдаланғаныңыз үшін кінәлісіз», – деді олар. Олар бұл заңға қайшы келеді деп мәлімдеді. «Бұл шетелдік бағдарлама: сіз оны Қытайда неге пайдаланасыз?» – деді. Мен оларға Қазақстанда тұратынымды айттым. Мен телефонды сол жақта сатып алдым! Мен оларға осыны түсіндіруге тырыстым. Бірақ қазір маған, әрине, бұның тек сылтау болғаны белгілі. Егер WhatsApp болмаса да, олар басқа себеп табатын еді. Онда әр адамның өз өткені болды. Олардың кейбіреулері менікі сияқты еді. Кейбіреулер оларды намаз оқығандары немесе Құран үйренгендері үшін айыптағанын айтты. Кейбіреулер хиджаб киетін. Мен олардың өткен өмірлері туралы біздің жатын бөлмеде бірге болған кезімізде естідім. Басқасына жиырма немесе отыз адам тұратын үлкен бөлмеде құлаққағыс болдым. Біз осы бөлмеде сөйлесе алатынбыз. Сыртта дыбыс шығаруға да тыйым салынған болатын.

Лагерьдегі билік түрмеге қарағанда өте қатал болды. Олар бізбен адам сияқты емес, жануар секілді қарым-қатынаста болды. Олар бізді ұрды, жауап алды, жазалады, сағаттап тұрып тұруға мәжбүр етті, жаман сөздер айтып, бізге айқайлады. Бір күні біз бірге сабаққа баратын жолдағы баспалдақпен көтеріліп келе жатқанда, мен өзімді жаман сезіндім. Сол күні менің басым ауырды. Менің басым айналып, құлай бастадым, содан кейін бір адам, күзетшілердің бірі, мені электр айдағышпен ұрды. Мен қолымды толықтай сезбей қалдым. Басқа бір оқушы мені құлап қалмасын деп сүйеп қалуға мәжбүр болды. Содан кейін бізге сыныпқа жету үшін әрі қарай қозғалуға тура келді.

Олар үнемі осы электр айдағыштарды пайдаланды.

Таңертең біз бір стақан қайнаған су ішіп, буға піскен қарапайым тоқаш жейтінбіз. Түскі асқа біз суда пісірілген қытай қырыққабатын жейтінбіз, міне осылай ғана тамақтандық. Кешкі асқа да дәл осындай жиі берілетін болды. Ет болмады. Мүмкін, айына бір рет қана палау9 жейтінбіз.

Бір жыл бойы осы жағдайлар қайталанып тұрды. Бізге қашан босатылатынымызды ешқашан айтпайтын. Біз күн сайын сабаққа баратынбыз. Аптасына бір рет бізге қоршалған аулада ашық ауада бір сағат жаттығуға мүмкіндік беретін. Қамаудағы соңғы күнімізді білгеніміз жақсы болар еді – оны асыға күте алу үшін – бірақ олар бізге ешқашан айтқан жоқ. Күн сайын алдыңғы күн қацталана берді. Мен лагерьге келген кезде, кейбір адамдардың сонда болғандарына бір жыл болатын. Мен олардың кейбірінің әлі де сонда екеніне күдіктенемін. Кейбіреулер, менің естуімше, кейіннен бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамауға алынған екен. Билік бізді оқытып жатқандарына сендірді, бірақ менің ойымша, олардың жалғыз мақсаты – дінді жою, ұлтты жою, дәстүрлерді жою.

Мен лагерьде болған кезімде, өткен жылдың тамыз айынан бастап, менің күйеуім мен балаларым петиция беруді, менің ісім туралы бейнероликтер жасауды бастады. Олар билікке қысым жасай бастады. Менің ойымша, петицияға байланысты менің ісім жария етілді және мен қайтып орала алдым. Мұның бәрі кенеттен бір керемет күні болды. Күзетші біздің бөлмеге кіріп, менің атымды дауыстап оқыды. Біздің арамыздан төрт адам шақырылды және бізге үйге оралатынымызды айтты. Алдымен мені ата-анамның үйіне жіберді, бірақ осыдан кейін де олар маған төлқұжат бермеді. Менің отбасым шағымдануды жалғастыруға мәжбүр болды. Мен қазан айында лагерьден шығып, ақыр соңында Қытайдан желтоқсан айында кете алдым. Сондықтан менің үйде отырғаныма тек бес ай болды.

Мен келген және кеткен күннен бөлек, лагерьдегі бір күн ғана басқалардан ерекшеленді. Бұл ашық сот талқылау күні болды. Билік көрші түрмеден жеті әйелді әкелді, оларды жер үйде бірге дұға ету үшін жиналды деп айыптады. Рамазан кезінде, кешкі уақытта ауызашар10 болатын және жеті әйел ас беру мен дұға етуді ұйымдастырды. Олардың қылмысы осы болатын. Сотта билік осы айыптарды оқып, әр әйелді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Олар оны ашық сот деп атады. Бірде-бір әйел қарсы сөз айта алмады.

— Рахима , 31 жас

2019 жылғы мамырда сұхбат алынды