Flag

An official website of the United States government

Шыңжаннан шыққан дауыстар. Қытай ГУЛАГ-ының айтылмаған әңгімелері
5 Хаттаманы оқу
Шілде 21, 2020

Voices from Xinjiang: Untold Stories from China’s Gulag State

Бұл әңгімелерді Берлинде тұратын саяхатшы, жазушы, әрі журналист Бен Маук Алматы қаласында “Атажұрт еріктілері” ұйымының көмегімен жазып алған. 2018 жылдан бері Бен Қазақстанға келіп, туған-туыстары Шыңжанда түрмеге қамалып, жоғалып кеткендермен сұхбаттасты. Олардың көбі Қазақстанға одан апталар, айлар, жылдар бұрын келген. Кейбіреуі Қазақстан азаматтығын немесе тұру ыхтиярхатын алса, басқалары шекара асып қашып келген. Қытайда қалған туыстарына қауіп төнуіне қарамастан сұхбат берушілер өз аттары мен туыстарының аттарын ашық айтуға бел буды. Сондағы олардың үміті – Қытай үкіметіне қысым көрсетіп, Шыңжандағы халықты жаппай қамау саясатын өзгертуіне ықпал ету.