ҚР Президентінің ресми сапары жайлы Ақ Үйдің мәлімдемесі

The South Portico entrance of the White House. Photo by: U.S. Department of State (IIP Bureau)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен Вашингтон қаласында кездесуі 2018 жылдың 16 қаңтарында жоспарланған. Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті кеңейту және нығайту жолдарын, сонымен қатар өңірлік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Екі ел басшылары бірқатар халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК Төрағасы ретінде ұшырасып отырған Ауғанстандағы жағдайды және жаппай қырып жою қаруларын таратпау жөнінде екіжақты ынтымақтастықты талқыламақ.