Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі Халықаралық Ғарыш Станциясынан түсірілген Қазақстанның суреттерін ұсынады

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі Халықаралық Ғарыш Станциясынан түсірілген Қазақстанның суреттерін ұсынады

Нұр-Сұлтан, 4 сәуір – АҚШ Елшілігі «Қазақстан Ғарыш Сапары Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның және Нұр-Сұлтан қаласындағы Makerspace қолдауымен адам баласының ғарыш кеңістігіне алғаш ұшуын дүниежүзінде атап өтетін күні Орталық Азиядағы алғашқы “World Space Party” іс-шарасын ұйымдастырады.

Сәуірдің 12-сі күні Ұлттық Ғарыш Орталығында өтетін “World Space Party” шарасы аясында қонақтарға НАСА-ның Халықаралық Ғарыш Станциясынан түсіріліп жіберген Қазақстанның кейбір аймақтарының фотосуреттері көрсетіледі. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы, Арал теңізі, Алакөл, және тағы басқа жерлердің фотосуреттері бар. Сондай-ақ, НАСА-ның өкілімен видеоқоңырау шалу,  ағылшын тілінде The First Man/Бірінші адам фильмін (2018) тамашалау, DJ Brundildina шығармашылығын тыңдау және ғарыш кемесінің модельдерін және “луноход” кемесінің моделін жасау бойынша мастер-класстар жоспарланған.

Аталмыш іс-шара зерттеушілердің жаңа буынын шабыттандыру және ғарышты тануға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру мақсатын көздейді. World Space Party ғарыш саласын зерттейтін жастардың жаһандық қоғамдастығын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, жастар мен жас көшбасшылардың шығармашылығын, новаторлық қабілеттерін арттыруға әсерін тигізеді. Шығармашылық пен білімді біріктірген іс-шара би, әуен, өнер, сән өнері сияқты бағыттарды қамтиды.

2000 жылы “World Space Party” кеші алғаш рет Лос-Анджелес қаласында жарияланып, кейін 2001 жылы 12 сәуірде өткізілді. Ғарышкерлер құрылтайының қатысушылары мен қоғамдастық мүшелері өздеріне тиесілі  мерекелік іс-шараны бүкіл әлем болып тойлауды ұсынды. Осындай тарихы бар “World Space Party” алғаш рет Қазақстанда өткізілмекші.

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі сіздерді осындай керемет кешке қатысуғашақырады! Кіру тегін, 10-шы сәуірге дейін (сағат 24:00 дейін) сілтеме бойынша: https://forms.gle/ffujgxRBj8NrKTAd7 тіркелуіңіз абзал.  

 

БАҚ мен аккредитация сұрақтары бойынша mukatayevat@america.gov мекенжайына немесе т+ 7 777 223 0851 Мукатаева Тоғжан, АҚШ елшілігінің ақпарат жөніндегі аға көмекшісіне хабарласыңыздар.