Зарина Бакенова: Американдық гуманитарлық саладағы білім маған батыстың кәсіпкерлік әлеміне есік ашты.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАР, ДОСТЫҚТЫ ЕСЕЛЕТЕР ӘЙЕЛ ЗАТЫ.

1998-99 аралығында бір жыл бойына «Ротари» клубының мәдени алмасу бағдарламасы бойынша Техас штатындағы Kerrville қаласында білім алды.

Ройял Датч Шеллдің Би Джи Группен бірігуіне байланысты 2016ж. наурызда Зарина Бакенова «Шелл Қазақстан» компаниясының сыртқы байланыс және қатынас департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бакенова Ханым Астанада жұмыс жасайды және үкіметтік органдармен байланысқа, сыртқы және ішкі коммуникацияларға әрі компанияның тұрақты даму мен әлеуметтік даму саласындағы жобаларына жауап береді.

Осыған ұқсас жауапкершіліктермен 2013 жылдан бастап «Би Джи Қазақстан» компаниясының тұрақты даму және сыртқы байланыс жөніндегі Вице-президенті болды.

Бұрын Бакенова ханым Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Шетел инвесторларының Қазақстандық Кеңесі Ассоциациясының (ШИКҚА) директоры болды және ол онда шетел инвесторлары Кеңесі мүшелерінің өкілі ретінде қызмет атқарды.  ШИКҚА-да жұмыс жасап жүргенде Бакенова ханым ШИК-тің үш пленарлық отырысын ұйымдастыруға және ШИК-тің жұмысшы топтарының жұмысын үйлестіруге жауапты болды. Оның кәсіби тәжірибесіне Астанадағы Ұлыбритания елшілігіне қарасты  қазақстандық UK Trade and Investment сауда өкілеттілігінің сауда және инвестициялар бойынша кеңесшісі ретіндегі жұмысы және Қазақстанда операциялық істі жасауды көздеп немесе жүргізіп отырған компанияларға да қолдау көрсету ісі де кіреді. Ол Ұлыбританияның жоғары лауазымды тұлғаларының іскерлік сапарлары бағдарламаларын ұйымдастыруға да жауап берді.

Ол іскерлік әкімшілік, қолданбалы экономика және өнер мамандықтары бойынша Болгариядағы Америкалық Университетті тәмәмдаған. ШИКҚА Атқарушы комитетінің мүшесі. Еңбек заңнамасы, адам капиталының дамуы және шетел жұмыс қолдарын тарту жөніндегі ШИК жұмыс тобының мүшесі. ҚР энергетикасы, қоршаған ортасы және мұнай-газ саласы бойынша жұмыс тобының мүшесі. «КазЭнерджи» әйелдер энергетикалық клубының мүшесі. Адам капиталын дамыту жөніндегі «КазЭнерджи» кеңесінің мүшесі. ӨСАБ бойынша ҚР ұлттық кеңесінің мүшесі.

Менің бірінші халық алдындағы тұсау кесерім Техастағы 200 табысты кәсіпкерлер аудиториясының алдында болды. Ол кезде мен жасөспірім едім.  Ол тұсау кесер Қазақстанды жақсылап таныстыруға мүмкіндік берді –  туған елімнің атын паш етуге және одан әрі Болгариядағы Американың университетінде оқуымды жалғастыруға табысты жол ашты.

Американдық гуманитарлық саладағы білім маған батыстың кәсіпкерлік әлеміне есік ашты – Қазіргі кезде мен Қазақстан халқы үшін оң әрі едәуір әсерін тигізіп, мемлекетіміздің дамуына жол ашуға мүмкіндік беретін ірі энергетикалық кәсіпорындардың бірінде жоғары жетекшілер қатарында жұмыс жасап жүрмін.