Flag

An official website of the United States government

США отмечают Всемирный день борьбы со СПИДом
И 20 лет партнерства с Республикой Казахстан в борьбе с пандемией ВИЧ
2 МИНУТНОЕ ЧТЕНИЕ
1 декабря, 2022

Құрама Штаттар Қазақстанға, оның серіктестеріне және бүкіл әлемдегі адамдарға Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін өткізгені үшін ризашылығын білдіреді. Бүгін бізде миллиондаған қайтыс болған адамды еске алып, олырға құрмет көрсетуге және АИТВ/ЖИТС-пен бетпе-бет келгендерге немесе онымен өмір сүріп жатқандарға қамқорлық пен түсіністік танытуға мүмкіндік туды.

2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы ретінде АҚШ үкіметі «Өз-өзін беріктілікке сынау: АИТВ-ны тоқтату үшін теңдікке қол жеткізу» тақырыбын таңдады. Бұл тақырып АҚШ үкіметінің АИТВ-ға байланысты қызметтерге бейпропорционалды бөлінетін қауымдастықтардың оларға қолжетімділігін жақсарту арқылы АИТВ пандемиясын тоқтатуға ұмтылысын айқындайды. Қазақстандағы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы «Теңдік үшін уақыт» болып табылады және ол еліміздің саясат, жүйелер мен денсаулық сақтау қызметтерінің тиімділігін, пәрменділігін және халықтың барлық топтарының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, адамға бағдарланған тәсілге бейілділігін көрсетеді.

Президентінің ЖИТС-ке байланысты көмек көрсету жөніндегі Төтенше жоспары (PEPFAR) аясында АИТВ/ЖИТС-ке байланысты алдын алу, емдеу және күтім жасау бойынша сапалы қызметтерге қолжетімділікті жақсарту мақсатында Америка Құрама Штаттары АҚШ Қазақстанмен жиырма жылға жуық уақыт бойы ынтымақтасып келеді. 2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін мерекелеу шеңберінде АҚШ-тың Қазақстандағы Миссиясы АИТВ бойынша ұлттық бағдарламада және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде теңдікті нығайту, кеңейту және қамтамасыз ету үшін Қазақстан үкіметінің саяси, бағдарламалық және қаржылық көшбасшылығын қолдауға өзінің бейілділігін растайды. Осы маңызды мәселеге назар аудару үшін АҚШ-тың Астанадағы елшілігі бүгін қызыл түспен жарықтандырылады.

Шамамен алғандағы есеп бойынша Қазақстанда 35 000 адам АИТВ-мен өмір сүреді. АИТВ-індетінің негізгі таралу ошақтары ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, коммерциялық жыныстық қатынас жұмыскерлері және олардың серіктестері болып табылады. Осы халық топтарының өкілдері АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күреске байланысты негізгі қызметтерге қолжетімділіктің теңсіздігіне әкелетін қысым мен кемсітушіліктен бейпропорционалды дәрежеде зардап шегеді.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері АИТВ-жұқтырғандар санының артуы байқалатын әлемнің санаулы аймақтарының бірі болып табылады. 2010 жылдан бері бұл аймақтарда АИТВ-инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайлары 48 пайызға артты. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) 2021 жылғы жаһандық ЖИТС есебіне сәйкес бұл аймақта бүкіл әлем бойынша 2,5 миллион жаңа жұқтыру жағдайларынан шамамен 160 000-ы тіркелген. Бұл аймақта ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім саны да артып келеді, 2021 жылы 44 000 адам қаза болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық.

Америка Құрама Штаттары UNAIDS (БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен бағдарламасы) 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу барысындағы ілгерілісті бәсеңдететін кемсітушілік пен стигматизацияға және басқа да кедергілерге байланысты мәселені шешуге Қазақстанның көп өлшемді тәсілді қабылдауын қолдайды. 2022 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша мәліметтерге сәйкес АИТВ жұқтырған ересектердің 87 пайызы (15 жастан асқандар) өз мәртебесі туралы білген; олардың 81 пайызы өмірлік маңызды антиретровирустық терапиядан өткен; ал емделгендердің 85 пайызы вирустық супрессияны бастан кешірді, бұл басқа адамдарға жұқтыру қаупін азайтатынын білдіреді. Жүйелік кедергілерді еңсеру үшін АҚШ үкіметі АИТВ/ЖИТС-ке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасымен АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес саласындағы қызметтердің теңдігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қауымдастық деңгейінде және аудан деңгейінде клиникалық көмекті мониторингтеу сияқты инновациялық тәсілдер арқылы ынтымақтастық жасайды. АҚШ сондай-ақ экспозицияалды алдын алуға (PrEP) қолжетімділікті жақсарту үшін АИТВ-ға жауап ретінде ұлттық шаралар аясында қоғамдық ұйымдар үшін катализатор ретінде әрекет етеді, бұл жыныстық қатынасқа түсу кезінде АИТВ жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді.

PEPFAR (АҚШ Президентінің ЖИТС-ке байланысты көмек көрсетудің Төтенше жоспары) — бұл АҚШ үкіметінің АИТВ/ЖИТС індетін азайту және бақылау жөніндегі бастамасы, ол кез келген елдің тарихтағы бір аурумен күресудегі ең үлкен міндеттемесі. Қазақстанда PEPFAR бағдарламасы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің, Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының күшімен жүзеге асырылады. UNAIDS мәліметтері бойынша PEPFAR бағдарламасы 2004 жылы шыңына жеткеннен бері әлемде ЖИТС себебінен орын алатын өлім-жітімнің 64 пайызға төмендеуіне ықпал етті, ал әлемде жаңа АИТВ-жұқпаларының саны 52 пайызға төмендеді.

Қосымша ақпарат алу үшін www.pepfar.gov сайтына кіріңіздер, PEPFAR бағдарламасына қатысты жаңалықтарды Twitter, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде бақылап жүріңіздер.